» » » СӘНДІК БҰЙЫМДАР СЫРЫ

СӘНДІК БҰЙЫМДАР СЫРЫ

Халқымыз ұл-қызының жан сұлулығы мен тән сұлулығына жіті мән берген. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіне мұқият қарап, оның киім-кешек, ат-тұрман, безену ісіне аса көңіл бөлген. Қыз ес біліп, етек жинай бастағанда ата-анасы оған киімнің торқасын, аттың жорғасын, әшекейлі ер-тұрман мінгізіп, ел алдына шығарған.
Шашын өріп – шолпы, қамзол, көйлегі­нің өңіріне сөлкебай, маржан, моншақ тағындырып, көрген көз сүрінердей алтынмен аптап, күміспен күптеп үлде мен бүлдеге орап қоятын болған. Мұны халқымыздың қызға деген құрметі десек, әсілінде былай дәріптеу ғылыми негізсіз емес. Шолпы, сөлкебай, моншақ, гауһар, маржан, інжу сынды асыл бұйымдар қыздың сұлулығына сұлулық, ақылына ақыл қосса, өскен ортасы мен ел-жұртына қуаныш сыйлап, мерейін өсіреді. Әшекей – қыздың жүріс-тұрысын, сөйлеуін, өзін ұстауы мен мәдениетін көркем, әсем етуге септігін тигізеді. Мысалға, оқыс қимылдаған қыздың жүрісінен әшекейі жағымсыз дыбыс шығарып, оның оғаш қылығын түзеуіне, өзін тежеуіне мәжбүрлейді. Үйлесімді, епті қимылдаған үкілінің шолпы, сөлкебайы жағымды әуен шығарып, оның тәрбиелілігін көрсеткен. Қазақ халқында: «Алтын – сәндікке, күміс – емдікке» деген қанатты кағида бар. Әжелеріміз заманында білезік, жүзік, шолпы сықылды зергерлік заттарды көбінесе ақ күмістен соқтырған. Ата-бабамыз күміс – тазалықтың, адалдық пен дәулеттің белгісі санаса, алтынды керісінше, жолы ауыр деп, оны көп тұтынуға рай бермеген.
Қазақтан өткен дана халық бар ма? Қазақтың кемеңгерлігі, данышпандығы оның әрбір қадамынан осылай көрініс береді? Ұрпағын алтынқұмарлықтан, дү­ние­қоңыз­дықтан, бағымсыз бақ­таластықтан сақтап, қанағатшылдыққа, тазалыққа, адалдыққа үйреткен.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
23 тамыз 2018 ж. 3 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 077
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031