» » » «ЖАС ОТАННЫҢ» ЖАҢА БЕЛЕСІ

«ЖАС ОТАННЫҢ» ЖАҢА БЕЛЕСІ

Осыдан бірнеше жыл бұрын шағын үйірмеден басталған ұйым бүгінде ауқымды қозғалыс дәрежесіне жетіп, үлкен саяси күшке айналды. Аудандағы жалынды жастардың дені жасотандықтардың қатарында. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сай кез келген жаңашылдықтан тайсалмай, қоғамдық өзгерістерге етене атсалысып жүрген «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Жиынға «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілесов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әділ Ыбрахим мен делегаттар қатысты. Конференцияның күн тәртібіне 2014 жылдан бастап бүгінге дейін аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарған жұмысы туралы аудан жасотандықтардың көшбасшысы Айдынбек Скендіровтің есебі тыңдалды.
– Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, Елбасының «Болашаққа бағар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын аудан жастары арасында насихаттау мақсатында түрлі, оның ішінде спорттық, суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы, спидке қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу, тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, теріс ағымдардың ықпалынан сақтау бағытында іс-шаралар ұйымдастырды. Жазғы маусым кезінде туған жерді көркейту-көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында студент және жұмыссыз 105 жас жұмыспен қамтылды. Маусым айында 26 жас, шілде айында 43 жас және 31 жас тамыз айында Жосалы кентінде орналасқан ықшам аудандағы егілген ағаштарды күтіп, баптау жұмысын жүргізді, – деді Айдынбек Скендіров.
Жиын барысында ауыз толтырып айтарлық жағымды жаңалықтар мен жетістіктерді «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиал төрағасы Талғат Оспанов сөз сөйлеп,облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды саралады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстан бойынша ауқымды шараларға тартылған 1,5 млн адам – еліміздегі жастардың үштен бірін құрайды екен. Бұл әрбір қала, аудан мен ауылдағы жастардың белсенділігін көрсетеді.
- «Қазіргі жастар кітап оқымайды» дейді. Ал, неге сол кітапхананы жастардың заман талабына сай жасап бермеске? Жастар қызығатын тың идеяларды жүзеге асырса нұр үстінен нұр болар еді. Рухани жаңғырудың басты мақсаты – бабалардан мирас болып қалған асыл мұрамызды дәріптеу. Ол үшін ұлтымыздың рухани құндылығын өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, сол жолда аянбай еңбек етуіміз керек. Бұл ретте, «Жас Отанға» бәсекеге қабілеттілікті арттыру, прагматизм, еңбекқорлық сияқты міндеттер жүктеледі. Әрбір жасотандық жаңғыру аясында әлемнің озық тәжірибелерін еркін меңгере отырып, ұлттық код пен рухани, мәдени құндылығын сақтауы тиіс, – деді облыс жасотандықтардың басшысы.
Жиын барысында «Жас Отан» Жастар қанаты аудандық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Мұнан бұлай бұл лауазымды №30 мектептің мұғалімі Нұржан Оңдашов атқарады. Конференция соңында белсенді жастар Қорқыт ата мемориалдық кешеніне саяхат жасады.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
14 тамыз 2018 ж. 1 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031