Ағза назы
Қаншама жыл бұрын... Иә, бұл күннен бері біраз ай ауысты, жыл жылжыды. Бірақ бұл оқиға ел есінен өшкенімен,тасқа таңбаланып,жартасқа жазылып қалыпты.Тауға жасаған сапарымда осы оқиғаны мәрмар тастан оқыдым. Біз білмейтін заманда,бәлкім, он,бәлкім жиырма ғасыр бұрын Күн мен Айдың астында тіршілік еткен адамның ағзасында таңғажайып таза тұста Өкпе, Бауыр және Жүрек атты арасынан қыл өтпейтін,бір-бірінсіз ғұмыр кеше алмайтын үш бауыр өмір сүріпті.Үш бауырдың иесі Марат өмірде бағыт таба алмай шақшадай басы шарадай болып, шаршап жүрген еді.Бірде ол досының ұсынысымен есірткі шегіп көрді.Алғашында шегуге қарсы болған,бірақ,«жан дүниенің тынышталады,рақат табады»деген досының сөзінен кейін тартып көруге оқталды. Басында оған бұл әрекеті ұнамады. Дегенмен бірте-бірте, бәсең-бәсең еті үйренді.
Мараттың жадағай да ауру жайын байқаған анасы баласының денсаулығы мен амандығы үшін өте алаңдаулы болды, себебі ол нашақорлыққа шын бет бұрған еді. Анасы оның денсаулығын сақтап қалуға тырысып нешетүрлі әрекет тәсілдерін ойластырды. Ақырында сиқырлы таяқша арқылы Мараттың дене мүшелеріне тіл бітіруді шешті. Ананың әрекеті жүзеге асты. Марат есірткі тартып, есіріп жүрген кештердің бірінде көзіне қарайып кеткен өкпесі көрінді.
Қарайған, ұсқынсыз күйге түскен өкпе: «Марат, біз сені өте жақсы көретін едік,сен таза едің,өз денсаулығыңды күтетін едің, бірақ есірткі біздің жұмысымызды қиындатады. Біз дұрыс тыныс ала алмаймыз,жұмысымыз бәсеңдейді және өміріңе қауіп төндіреміз»
Өкпенің сөзінен кейін Бауыр: «Иә, Өкпе дұрыс айтады. Біз де өзіміздің функциямызды орындай алмаймыз. Бізге сенің көмегің қажет.Есірткіңді доғар» деді жылап.
Ал жүректің тіл қатуға мүлдем зауқы болған жоқ.Үнсіз жылап тұра берді.Тұра берді...
Марат бұл сөздерді тыңдап, ойланып қалды.Түйсігіне әлдене барғандай анасының және өзінің ағзаларының ескертуін түсініп, ол дұрыс жолға бет бұруға шешім қабылдады.
Марат енді өмірде тек жақсы істер жасап, денсаулығын сақтап, баянды бақытқа бөленіп,шаттыққа шомып өмір сүрді.
Ердәулет ОРЫНБАСАРОВ
Т.Көмекбаев атындағы
№250 мектеп-лицейінің оқушысы
№250 мектеп-лицейінің оқушысы