» » Жоғалған бақтың құпиясы

Жоғалған бақтың құпиясы

Ерте заманда, алыстағы таулардың арасында «Бақыт бақшасы» деп аталатын керемет мекен болды. Бұл бақта гүлдер күннің нұрымен жарқырап, әрбір ағаш жемісін молынан беретін. Ауа таза, құстардың әсем әні үнемі естілетін, ал тұрғындары – көбелектер, құстар және басқа ұсақ тіршілік иелері әрдайым мейірімді және бір-біріне көмектесіп тұратын.
Бұл бақ ерекше еді. Оның тұрғындары ешқашан ауырмайтын, әрдайым бақытты болып жүретін. Олар табиғаттың байлығын бағалап, өздерінің денсаулықтары мен өмірлерін таза әрі қуанышқа толы ұстайтын. Тұрғындар бұл бақты қорғап, әрдайым бір-бірімен достық қарым-қатынаста болатын.
Бір күні алыстан қара бұлт секілді белгісіз бір қонақ келді. Ол өзімен бірге өзгеше, бірақ күмәнді бір нәрсені алып келді. Оның есімі «Есірткі»  еді. Ол өзін «Сиқырлы ұнтақ» деп таныстырып, бақ тұрғындарына ерекше ұсыныс жасады.
-Сәлем, мен сендердің бақтарыңды одан да керемет, жарқын ете аламын. Бұл ұнтақты татып көрсеңдер, сендер өздеріңді бұрын-соңды болмаған бақытты сезінесіңдер. Бұл сендерге жаңа әлемнің есігін ашады! - деді ол.
Тұрғындар алғашында оған күдіктеніп қарады. Олар бақта бәрі жақсы екенін, ешқандай өзгеріс қажет емес екенін айтты. Бірақ «Сиқырлы ұнтақ» олардың сезімдеріне әсер етіп, әр түрлі өтіріктер айтты: Сендер өмірлеріңде шынайы рахат сезімін татып көрмегенсіңдер. Бұл ұнтақ сендердің уайымдарыңды ұмытып, нағыз ләззатқа кенелтеді. Бір рет байқап көріңдер, бәрі өзгереді.
Тұрғындардың бірі, ең жас және сенгіш көбелек, оның сөзіне алданып қалды.
-Бұл жай ғана шағын ұнтақ қой, бір рет байқап көрсем, ештеңе болмайтын шығар, - деді көбелек өз-өзіне.
Көбелек ұнтақты татып көрген бойда ерекше сезімге бөленді. Ол өзін жеңіл әрі бақытты сезініп, гүлдер арасында бұрынғыдан да жылдам ұша бастады. Ол басқа тұрғындарға: -Бұл керемет нәрсе екен! Мен ешқашан мұндай сезімді бастан көшірмеппін! – деп айқайлады.
Бірақ көп ұзамай оның жағдайы өзгерді. Бірнеше сағаттан кейін көбелектің қанаттары әлсіреп, гүлдерге қона алмай қалды. Оның бойында қуат қалмады, ал басы айналып, көздері қарауыта бастады. Ол жерге құлап түсті.
-Не болды? Неге мен өзімді осылай сезініп тұрмын? – деп шырылдады көбелек.
Басқа тұрғындар жиналып, оның жағдайына алаңдап, не болғанын сұрады. Көбелек болған оқиғаны айтып берді. Ол: -Бұл «Сиқырлы ұнтақ» емес. Бұл – «у»! Ол менің қуатымды алып  қойды, мен бұрынғыдай ұша алмаймын! – деді.
Тұрғындар естігендеріне таң қалды. Бірақ бәрі де мұнымен тоқтамады. «Сиқырлы ұнтақ» олардың арасында қалып, өзінің зиянды әрекеттерін жалғастыра берді. Ол бақтағы басқа тұрғындарға да ұсыныс жасап, оларды алдап, ұнтақты татып көруге көндірді.
Кейбір тұрғындар оны байқап көрді, бірақ көп ұзамай олардың да жағдайлары нашарлай бастады. Гүлдер солып, жемістердің дәмі бұзылды. Құстардың әні тоқтап, бақта тыныштық орнады. Енді бұл жер бұрынғыдай жарқын және бақытты мекен болмай қалды.
Бақтың ең дана қарлығашы бәрін жинап, кеңес құрды. Ол тұрғындарға былай деді: -Біз бұл «Сиқырлы ұнтақ» деген қауіпті бақтан мәңгі қуып шығуымыз керек. Егер біз қазір әрекет етпесек, бақты толықтай жоғалтамыз. Бірақ бұл оңай болмайды. Ол кебірімізді алдап, өзіне тәуелді етіп қойды. Енді біз оған қарсы бірігіп күресуіміз керек.
Барлығы бұл сөздермен келісті. Олар бір-біріне көмектесіп, жағдайы нашар тұрғындарды қолдауға бел буды. Қарлығаш оларға: -Бірінші кезекте, біз өзіміздің күшімізді қайтаруымыз керек. Біз есірткіні пайдалануды біржола тоқтатамыз. Бұл қиын болады, бірақ біз бірге жетеміз.
Тұрғындар біртіндеп бақты қайта қалпына келтіруге кірісті. Олар солып қалған гүлдерді алып тастап, орнына жаңа гүлдер егіп, ағаштарға күтім жасады. Бақ бірте-бірте қайтадан жандана бастады. Бірақ бұл оңай болған жоқ. Кейбір тұрғындар әлі де әлсіз еді, ал «Сиқырлы ұнтақ» оларды алдап, қайтадан өзіне тартуға тырысты.
-Ешқашан жеңілмеуіміз керек. Бұл біздің бақтың болашағы үшін маңызды, - деді қарлығаш.
Көп уақыт пен күш жұмсалғаннан кейін, тұрғындар бақтан «Сиқырлы ұнтақты» мәңгі қуып шықты. Олар оның ешқашан қайтып келмеуі үшін қатаң ережелер енгізді. Барлығы бірігіп, бақтың бұрынғы сұлулығын қайтара алды.
Бұл оқиға оларға үлкен сабақ болды. Олар енді ешқашан бейтаныс нәрсеге сенбей, өздерінің денсаулығы мен бақтарын қорғауға ант етті.
-Біз шынайы бақыттың құпиясы денсаулықта екенін түсіндік. Енді бұл қателікті қайталамаймыз,- деді тұрғындардың бәрі.
Сол күннен бастап, «Бақыт бақшасы» қайтадан жарқырап, тұрғындары салауатты өмір сүре бастады. Олар бұл оқиғаны ұмытпай, әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп, табиғаттың сыйын бағалап өмір сүрді.
Мамаева Нұрай,
Байқоңыр қаласы, 273 орта мектептің
9 сынып оқушысы 
13 қаңтар 2025 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 287
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031