» » СИҚЫРЛЫ "СУСЫННЫҢ" ҚҰПИЯСЫ

СИҚЫРЛЫ "СУСЫННЫҢ" ҚҰПИЯСЫ

Ертеде бір әсем өлкеде, қалың орманның ортасында шағын ауыл болыпты. Бұл ауылдың тұрғындары әрдайым бейбіт өмір сүріп, бір-біріне көмектесіп, тату-тәтті ғұмыр кешіпті. Ауылдың маңындағы орманнан алысқа аттап шықпайтын, себебі орманның тереңінде құпиялар мен жұмбақтар көп екені туралы аңыздар айтылатын.
Бір күні, күздің салқын таңында ауылдың шетінде бір ерекше жағдай болды. Ауылдың қарт ағашы – "Даналық Ағашы" таңғы шықпен жарқырап, күткен жерден жарық шашты. Бұл оқиға ауыл тұрғындарын таң қалдырды, себебі "Даналық Ағашының" жарығы тек үлкен өзгерістер немесе сынақтар алдында жанатын. Ауылдың ақсақалы мұны жақсылыққа жорыды, бірақ оның астында үлкен құпия жатқанын сезді. Сол түнде орманнан белгісіз бір бейтаныс адам шықты. Ол ұзын қара киім киген, көзі оттай жанып тұрған, сиқырлы таяғы бар еді. Бұл сиқыршы болатын. Ол өзін саяхатшы деп таныстырып, ауыл тұрғындарына ерекше бір сусын ұсынды. Ол сусынды "Бақыт Сусыны" деп атады да, бір жұтым ішкен адам мәңгілік бақытқа бөленетінін айтты. Сиқыршының сөзіне әркім таңданып, оның керемет күші бар деп ойлады. Ауыл тұрғындарының ішінде жас жігіт Батыр да болды. Ол өмірде көп нәрседен қиналып жүрген, өзін түсініксіз сезінетін. Батыр сусынды ішіп көруге шешім қабылдады. Бір жұтым ішкен соң, ол өзіне бұрын-соңды болмаған қуанышты сезінді. Бақытты сәттері ұзаққа созылмағандықтан, ол қайтадан сусынды іздей бастады. Сиқыршы әр келген сайын сусынды қымбаттатып сатты, ал Батыр оған тәуелді бола бастады. Бірнеше күн өткен соң, Батырдың денсаулығы нашарлап, көңілі бұрынғыдан да мұңды болды. Ол өзіндегі қуаныш сезімді қайта сезіну үшін үнемі сусын ішуді қалады. Бірақ әр ішкен сайын өзін әлсіз сезініп, түбінде шынайы бақыттан алшақтай түсті.
Бір түнде Батыр өзіне сұрақ қоя бастады: "Мен неге шынайы бақытты осындай сиқырлы сусыннан іздеп жүрмін? Мүмкін, бұл сусын мені алдап жүрген шығар?" Осылай ойлаған ол орманның тереңіне кіріп, "Даналық Ағашына" барды. Ол ағаштың алдына тізерлеп отырып, шын жүректен көмек сұрады. Сол сәтте ағаштың жарығы қайтадан жарқырап, жұмсақ үнмен сөйледі.
– Батыр, сенің жүрегіңдегі шынайы ниет сені алға жетелейді. Бұл сусын шындығында, ол сенің жандүниеңді улайтын нәрсе. Егер сен өзіңді тазартқың келсе, "Сана Гүлі" деген гүлді табуың керек. Ол гүлді тапсаң, сенің жүрегіңді тазалап, сиқырдан құтқарады.
Батыр ағаштың айтқанын тыңдап, гүлді іздеуге кірісті. Ол орманның әр түкпірін кезіп, қиын сынақтардан өтті. Ақыры, жарқыраған жұлдыздың астында, таудың биігінде, ол "Сана Гүлі" деп аталатын ғажайып гүлді тапты. Гүлдің жұпар иісі оның жанын тазартып, ақылын ашты. Сол сәтте ол сиқыршының өтіріктерін түсініп, өз күшін сезінді. Және мәселенің шешімін сусын емес, өзі шеше алатынын түсінді. Ауылға келген соң, Батыр тұрғындарға болған оқиғаны айтып берді. Алғашында олар Батырға сенбеді, себебі сиқыршының күші әлі де олардың санасын тұмшалап тұрған еді. Бірақ Батыр оларға "Сана Гүлін" көрсетіп, оның жұпар иісі ауыл тұрғындарының да ақылын ашты. Бірте-бірте бәрі сиқыршының айласы екенін түсініп, сиқырлы сусыннан бас тартты. Содан бері ауыл тұрғындары шынайы бақыттың сыртқы көріністе емес, жан тазалығында, жүректің тазалығында екенін түсініп, бейбіт өмірге қайта оралды.
Сиқыршы ауыл тұрғындарының бұл шешімін білгенін естіп, сол сәтте жоқ болып кетеді. Сиқыршы жоғалып кеткеннен кейін, оның сиқырлы сусындары да жоқ болып кетті. Ал ауыл тұрғындары Батырға көздерін ашқаны үшін алғыс айтып, оған сыйлықтар бере бастайды. Содан бері сиқыршы жайлы ешкім ештеңе естімеген екен.
Назымсұлу КАМАЛХАНОВА,
О.Шораяқұлы атындағы
№30 орта мектептің
9 сынып оқушысы
14 қаңтар 2025 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 287
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031