» » » БІЗДЕ ДЕ БАЛАЛАР ҮЙІ БОЛҒАН

БІЗДЕ ДЕ БАЛАЛАР ҮЙІ БОЛҒАН

Сіз білесіз бе, Қармақшы ауданында 1937-1956 жылдары «Октябрь революциясының 18 жылдығы» атындағы және №4 балалар үйі болғанын.
Расында да, сол бір зобалаң жылдары елімізде Кеңес өкіметінің солақай саясатымен іске асырылған ашаршылық пен қуғын-сүргіннің келтірген жетім қалу, панасыз қалу сияқты оқиғалардан кейін Жосалы кенті орталығында панасыз, ата-анасыз жетім қалған балаларға мемлекет тарапынан пана болу, олар­ға материалдық, моральдық кө­мек беру, білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында аталмыш балалар үйі жұмыс істеген. Бұл мекемелерде тәрбиеленген ба­ла­лар 3 жастан 18 жасқа дейін мемлекет қамқорлығында болған. Кеңес өкіметі кезінде аталмыш балалар үйінің: мектепке дейінгі, яғни 3-7 жастағы бүлдіршіндер, мектептік, яғни 7-14 жастағы балалар, аралас, яғни бүлдіршіндер мен мектеп жасындағылар және арнаулы, толығын айтқанда ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандардың балалары тәрбиеленді.
1956 жылы ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен аталмыш балалар үйінде болу мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылды. Сонымен бірге, 1959 жылдан бастап мектеп-интернат болып қайта құрылған балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көпшілігі отбасы үлгісінде ұйымдастырылған, нақтырақ айтқанда ағайынды, апалы-сіңлілі балалар бірге өмір сүріп, тәрбиеленді.
«Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесін­де «Октябрь революциясына 18 жыл» атындағы және №4 балалар үйінің 1947-1956 жылдар аралығындағы тұрақты сақталатын 15 және 1937-1956 жылдардағы 10 жеке құрам бойынша құжаттар сақталуда. Міне, осы 1952-1956 жылдары тұрақты сақ­талған құжаттардан алынған мәлі­меттер бойынша 1952-1953 жыл­дар аралығында №4 балалар үйін­де Марқабаев – аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Мешітбаев – аудандық комитетінің комсомол хатшысы, Барадай – Жосалы механикалық зауытының директоры, Баймұратов – Кармақшы аудандық тұтынушылар одағының төрағасы, Т.Әбдікешев – аудандық білім бөлімінің басшысы, Цай Ден Хак – ІІІ Интернационал колхозының төрағасы, Т.Құлмұратов – аудандық денсаулық сактау бөлімінің басшысы, Әлиев – №4 балалар үйінің директоры қамқоршылық кеңесінің мүшелері болған. Балалар үйінде А.Ким, В.Оразбаева, М.Дмитриева, К.Камалова, З.Смағұлова сынды ұстаздар мен тәрбиешілер еңбек етті. Негізінде штат саны бойынша 17 қызметкер жұмыс істеген.
Сол жылдары балалар үйінде тәрбиеленген балалардың бір күн­дік тамағы 8 сом 29 тиын болса, 1950 жылғы мәлімет бойынша балалар үйі 80 балаға арнап жатын орны жоспарланған, бірақ 73 бала тәрбиеленген. Оның ішінде, 25 орыс, 27 қазақ, 18 шешен, 1 татар, 1 өзбек, 1 неміс ұлты болған. 50 ер бала, 23 қыз бала тәрбиеленген. 1953-1954 жылдары қысқы дайындыққа сатып алынған 27 пальто, 30 жүн етік, 33 былғары етік, 36 қалпақ балалар санына жеткіліксіз болған. 1952 жылға берілген мәлімет бойынша балалар үйінде мүгедек балалар болмаған, ата-анасы бар бала саны – 20 болса, ата-анасы жоқтар саны – 59. Құжаттарда нақты бала саны жазылмаған.
Сонымен бірге, 1949 жылы балалар үйінің директорына Алматы байланыс электротехникумының басшысы Ф.Ореховтан 7 жылдық білім алғаннан кейін балаларды Алматы электротехникумына және Алматы музыка мектебіне қабылданатыны туралы қатынас хат жолданған. 1941 жылы 17 желтоқсанда Ресей Федерациясының Белгород ауданынан Кармақшы ауданына көшірілген «Октябрь революциясына 18 жыл» атындағы балалар үйінде 5 топта 112 бала тәрбиеленген. Балалар үйінің директоры Б.Медешев болған. Ал, 1950 жылдан А.Баташов басқарған. Қармақшы аудандық архивінде балалар үйінің қорының құжаттарында тәрбиеленушілердің жеке карточкалары, мінездемелері, баға үлгерімдері сақталған.
А.Мешітбаева,
«Қармақшы аудандық архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің архивисті.
08 маусым 2018 ж. 2 082 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 05:31
Propecia Heart Beat Cialis Senza Ricetta Svizzera Potenzmittel Viagra Preis cialis levitra sales viagra Priligy 30 Mg Presentacion

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031