» » » ЖЕТІСТІКТЕР БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ЖЕТІСТІКТЕР БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Осындай тақырыппен аналар кеңесінің жоспарына сай ұйымдастырылған дәстүрлі сырсұхбат кеші «Ақжарымның аналары» атты бейнебаянды көрумен басталды. Ауыл әкімшілігінің бас маманы Сәрсенкүл Оспанова іс-шараны ашып, тізгінді кеш жүргізушісі Рая Жөнейтоваға берді.
Бұл кештің өзгешелігі – биылғы жылы жетістіктерге жеткен аналарымызға, ардагер әжелерімізге құрмет көрсетіп, жастарға үлгі ету. Аналардың қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүргендері кеңінен айтылды.
Мысалы, «Зейнетке біздер шықсақ та...» бөлімі бойынша 60 жастан асқан аналардың облыстық «Ақ жаулығым – тұмарым!» байқауында жанды дауыс пен халық әнін орындау, «Қызым, саған айтам...» сахналық қойылым және қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырған Анаркүл Мапаева (77 жас), Әлия Меңлібаева (75 жас), Рая Бұрқұлова (66 жас) аудан намысын қорғап, «Ақ әжелер» ансамблі алғыс хатпен бірге ақшалай сыйлық ұтып алса, 76 жастағы Шырын Жүсіпбаева әжеміз шөбересі Нұрдәулетпен бірге «Күз кереметі» байқауына қатысып, «Алтын әже» номинациясын жеңіп алды.
Кеш қонақтарының ішінде Халықаралық ауыл әйелдері күнінде «Анаға тағзым» орталығында өткен облыстық ауыл әйелдері форумының делегаты болып қатысқан белсенді ана Ағипаш Нұрмаханова, аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың қабылдауында болған Күлаш Ақмаханова, республикалық кадр резервіне қабылданған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Асылкүл Арықбаева, Ұлттық Бірыңғай тестілеуден жоғары 132 балл жинаған Жанеркенің анасы Алма Жылқыбекова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Алғыс хатымен марапатталған зейнеткер-ұстаз Сара Есмаханова, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Зоя Мәлікқызы, көпбалалы жас ана Самал Әжімбекова, ең кішкентай қонағымыз, бірнеше байқаудың жеңімпазы, 2-сынып оқушысы Жібек Тұрсынбекқызы бар.
Жыл қорытындысы бойынша аналарға түрлі номинация мен сыйлықтар берілді. Бұл кеште Ақзияш Сарыбаева «Үздік ауыл дәрігері – 2024» атанса, Жібек Тұрсынбекқызы «Кішкентай жұлдыз» номинациясын иеленді.
Осындай есте қалар кешімізге қолдау білдіріп, кез келген қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, бүгінгі күні «Үлгілі отбасы» иегері Нұржамал Бектайқызының да ауылымыздың гүлденіп, көркеюіне қосып жатқан үлесі зор.
Кеште «Зейінді жас» номинациясының иегері 10-сынып оқушысы Назерке Байұзақова, «Мейірімді ана» кәсіпкер Сәнімкүл Шәукенбаева, «Ынтымақты отбасы» номинациясының иегері, 85 жастағы Күланда Дүйсенбаева әжеміз құттықтап сөз сөйлеп, лебіздерін білдірді.
«Мерейлі отбасы» номинациясын иеленген Сара Өсерқызы, «Ізденімпаз ана» номинациясының иегері Ақлимаш Әбілтаева, «Берекелі отбасы» номинациясының иегері Айнұр Мырзабекқызы және жас анамыз Сағынай Бегалиевалар әсем әннен шашу шашты. «Кәсіпкер ана» атанған, көпбалалы ана Айнұр Досмағұлова тәтті нандардан көрме ұйымдастырып, көпшіліктің алғысына бөленді.
Бұл сұхбат кешінен аналарымыз үлкен әсер мен, жоғары көңіл күймен тарасты. Аналардың осындай қуанышқа толы жүздерін көру, оларды қуанту қандай бақыт десеңізші...
Рая ЖӨНЕЙТОВА,
Ақжар ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы
24 желтоқсан 2024 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 096

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031