» » Батаменен ер көгерер

Батаменен ер көгерер

Қармақшы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай аналар кеңесінің жоспарына сәйкес ауыл  әкімшілігінің қолдауымен Ақжар ауылында «Батаменен ер көгерер» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты – тәрбиелік мәні жоғары халқымыздың асыл қазынасының бірі бата, бата беру дәстүрін насихаттау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Байқауды ауыл әкімі Нұржамал Бектайқызы ашып, үміткерлерге сәттілік тілесе, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Рая Қайырқызы байқауға қатысушыларды жарыс шарттарымен таныстырып өтті. Зейнеткер ата-әжелер батаның қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі екендігін, халқымыздың ақ ниетпен бата беріп, жақындары үшін тілек тілеуді дәстүрге айналдырғанын өздерінің баталарында қамтып өтті. Бұдан атадан балаға жалғасып келе жатқан бата берудің, алғыс айтудың жас ұрпақты кішілік пен кісілікке тәрбиелеуде айтарлықтай әсері бар екенін көруге болады. Зейнеткер ұстаз, қазылар алқасының мүшесі Бихан Дүйсенова өз сөзінде бата, тілектің ақ дастарқан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылатынына тоқталды.

Байқау қорытындысы бойынша зейнеткерлер Бейбіт Әбішев «Үздік бата беруші», Алғашбай Тұяқбаев «Жылдың заманауи батагөйі», Анаркүл Мапаева «Бата берудің жұлдызы», Шырын Жүсіпбаева «Бата берудің үздік білгірі», Әсем Берманова «Көрермендер көзайымы», Гүлбану Бисенбаева «Жылдың зерделі батагөйі», №28 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күнібек Сапарғалиұлы «Жылдың қазыналы батагөйі» номинацияларымен марапатталды.

Байқау нәтижесінде зейнеткер Миуагүл Жарасбаева немересі 4 сынып оқушысы Ералымен бірге ІІ орын, ал Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйінің қызметкері Азамат Қажығалиұлы ІІІ орынды иеленді. Кішкентай үміткер 2 сынып оқушысы Әбдуали Мұстафа жүлделі І орынды иеленсе, байқау жеңімпаздарына Алғыс хат пен «Ораз ахун» ЖШС демеушілігімен сый-сияпаттар табысталды. Көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері Гүлнар Жұмахметова, Ақлимаш Әбілтаева, Азамат Жүнісов, Әбдуали Мұстафа көрермендерге өздерінің әсем әндерін сыйлады.

Рая ЖӨНЕЙТОВА,
ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы
06 қыркүйек 2023 ж. 472 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031