» » БАТА МЕН ТІЛЕК, ДҮНИЕ ЕКІ БӨЛЕК

БАТА МЕН ТІЛЕК, ДҮНИЕ ЕКІ БӨЛЕК

Бүгінде көпшілік ортада не жиында елуді еңсеріп, алпысты алқымдаған қарияға «бата беріңіз ақсақал» десең «не дейміз енді, бақытты болыңдар, ауырмаңдар, күліп-ойнап жүре беріңдер, той бола берсін, әумин!» деп бетін сипай салады. Осындай жағдайда аңтарылып, қолымызды не жаярымызды, не жаймасымызды білмей қысылып қалатынымыз бар. «Батаменен ел көгерді» деп өскен қазақтың қазыналы қариялары бата мен тілектің екі бөлек дүние екенін елемей жүргені ме сонда?
Бата – адам бойына рух беріп жігер­лен­діретін, ақ ниетпен айтылатын нәрлі сөз. Адами қасиетті пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы сөзге, айтқан тілекке, берген батаға аса мән берген. Сол себепті түрлі жоралғы мен тойда, үлкенді-кішілі қуанышты ортақтасу сәтінде я болмаса дастарқан басында аузы дуалы, көнекөз қариялар, қуаныш иесіне арнап бата жаса­ған. Дегенмен қазіргі уақытта батаның түпкі мақсатын жете түсінбей жүрген қария­лары­мыздың қатары көбейіп бара жатқаны жасырын емес.
Бата мен тілектін аражігіне тоқ­талайық­шы. Тілек кез келген жерде, кез келген адам айтатын жылы лебіз болса, ал бата өрнектелген ұйқасқа құрылған өлең ырғағымен, құлаққа жағымды қысқа да нұсқа шумақтан құралады. Батаның құдіреттілігі сонда, бата алған қайсыбір адам бойы жеңілдеп, ойы таза­рып шыға келеді. Сонымен бірге жәй тілек­ке қарағанда бата көпшілік ниетпен қабыл алады. Қандай да бір істі бастамастан бұрын «үлкендердің батасын ал» деген тәмсіл осыдан қалса керек. Ал тілек құлаққа үйреншікті болған соң оны айтып тұрған адам да, тыңдап отырған жан да ықылассыз немқұрайлы қабылдайды. Сол себепті тілекті жастар мың құбылтса, аға буын ақтарыла айтса өзгелер де ұйып тыңдайтыны хақ.
Бата мен тілек жөнінде сіз бен біз көріп жүрген мына бір жайтты айта кетейікші. Жайылған дастарқаннан кейін ас қайыру рәсіміне келгенде «сен айт та, мен айт» деп бата бере алмайтындардың кертартпалығын көз көріп жүр ғой. Жақында бір отырыспада «мен бата жат­тамадым, әлі уақыт бар ғой, астарың дәмді болсын!» деп қайырды бір кісі. Бұл шала қазақтың ісі емес пе? Жанында немересі отырып «что такое бата?» демесі бар ма? Бата бере алмаған әлгі кісіден кейін бұл балаға не деп ренжірсің. Бұның жанында ауылда өскен қара домалақ інім отырған-ды. Мына жайтты көріп шыдай алмай кетті де: «Дастарқанға береке берсін, оттың басына мереке берсін» деп үйдегі атасы үйреткен батасын судыра айтқанда манағы шала қазақтың қызара ұялғанын айтсаңызшы. Немересіне бе­тіне қарап «вот это бата» деді. «Қап, сен мені ұялттың-ау. Әлгі батаңды қай­та­лашы, жазып алайын» десіп жатты...
Иә, қариядан иман кетсе, жастардан ұят кететін жақсы білеміз ғой. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейді қазақ. Қариямыз қазыналы байлық саналатын батаны келер ұрпаққа жеткізуді мықтап қолға алса дейміз. «Болашағымыз қалай болады екен» деп уайымға берілудің қажеті шамалы. Болашақ бүгіннен басталады. Келер ұрпақты отбасынан ұлттық құндылық негізіне үйретіп, баталы сөзге баулуға асығайық!
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
07 наурыз 2019 ж. 2 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031