» » Зейнетке біз шықсақ та...

Зейнетке біз шықсақ та...

Ақжар ауылдық әйелдер кеңесінің жоспарына сай ауыл әкімшілігі мен Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйінің қолдауымен «Зейнетке біздер шықсақ та» атты апталық өткізілді.
Апталық барысында «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында дәрігер Жасұлан Хамидуллаұлы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын тексеріп, дәрігерлік кеңестер берді. No28 мектепте «Өмір – талас» атты тақырыпта танымдық сағат ұйымдастырылып, жоғары сынып оқушылары мен ардагерлер дөңгелек үстелде ашық пікірлесті. Мектеп оқушылары «Еңбек түбі – береке», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» тақырыбында сахналық қойылым көрсетті. Мектеп психологі Ақан Әмірханов «Көңілі көтеріңкі маманның еңбегі де жемісті» атты тақырыпта түрлі саланың ардагерлерімен тренинг ұйымдастырып, «Менің мінезім», «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста», «Суреттегі ой», «Әріптік мәтін», «Менің балалық шағым», «Күн шуағы» жаттығуларын жүргізді. Соның себебімен қатысушылардың көңіл-күйі көтеріліп, өз-өзіне құрметпен қарап, өткен өмірлерін, жүріп өткен жолдарын сағынышпен еске алып, ойларын ашық айтты.
Сондай-ақ апталық аясында кітапханашы, әйелдер кеңесінің мүшесі Ақмарал Сағатқызы тыл ардагерлерінің үйіне жас оқырмандарымен бірге барып, ән айтып, көркем сөз оқып, ауыл жаңалықтарымен таныстырды. «Ауыл тынысы» бағыты бойынша «Суреттер сыр шертеді» альбомы жаңа суреттермен толықтырылды. Ардагерлер шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнап, бір жасап қалды.
Ерекше форматтағы бұл апталық 84 жастағы Рахима Жалғасбаеваның «Ақ бұлақ», Рая Бұрқұлованың халық әнін шырқауымен, Бихан Дүйсенованың «Қызғыш құс» өлеңін мәнерлеп оқуымен ерекшеленді. «Ақ әжелер» ансамблі мен ауыл өнерпаздары биыл 95, 85, 80, 75, 70 жасқа толатын мерейтой иелеріне ән-жырдан шашу шашты.
Апталыққа қатысушыларға кітапханашы Ақмарал Әміралиева «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты ауқымды кітап көрмесін таныстырды. Іс-шараның соңғы күні «Ардагерлер бөлмесінің» ашылу салтанатына ұласты. Зейнеткерлер, ауыл әкімі Нұржамал Бектайқызы жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілегін жаудырса, Жеңіс ақсақал ақ батасын берді.
Сондай-ақ No28 мектеп мұғалімдері, «Шаттық» бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері, жас кәсіпкерлер қазақтың ұлттық қол өнері мен тағамдарынан, тәтті нандарынан дайындаған көрмелеріне көпшілік қауым риза болды. Апта бойы жүргізілген зейнеткерлер апталығы осылайша жақсы көңіл күймен қорытындыланды.
Рая ЖӨНЕЙТОВА,
ауылдық аналар кеңесінің төрайымы
27 қаңтар 2024 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 256
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031