» » Үздіктер қатарында аймақ аналары

Үздіктер қатарында аймақ аналары

Желтоқсанда Астана қаласында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің қорытынды жиналысы болған-ды. Оған республиканың барлық облысынан қоғамдық бірлестік, аналар кеңесінің төрайымдары мен кеңесшілері қатысты. Облыс делегациясы құрамында ауданнан мүше болып қатысу көңіліме мақтаныш сезімін ұялатты.
Осы ретте аудандағы филиалдың төрайымы Әйгерім Ешбаева мен әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раеваға айтар алғысым шексіз.
Бірлестік – қазақ аналарына отбасы, бала тәрбиесінде тілімізді, ділімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымыздың озығын насихаттап үйрету, тәлім-тәрбиенің өзегі ету мақсатында құрылған. Бүгінде ұйымның еліміздің барлық өңірінде филиалдары ашылып,  жұмыстарын ерекше қарқынмен, жаңаша жүргізуде.
Жиында бірлестік мүшелері өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Ұмытылған дәстүрлерді жаңарту, қыздарымызға үкілі тақия, аналарымызға ақ кимешек кию, қазақи киімдерді нақыштап, елге жеткізу, тек қана сахнада емес, көшеде де киіп жүруге қол жеткізу –  басқосудағы негізгі ойды айқындағандай.
Аналар ән шырқап, би биледі. Концерттік бағдарламаларды тамашалады. Бірлестік жүргізген жұмыстарға баға берілді. Жыл көлемінде атқарылған түрлі іс-шаралардың нәтижесінде Алматы облысы 1 орын, Ақтөбе облысы 2 орын, ал Қызылорда облысы жүлделі 3 орынды иеленіп, арнайы Алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен бірге бірлестіктің жаңа мүшелері қабылданып, оларға куәлік табысталды.
Ұлы даланың ұлағаты мен тәрбиесінің негізі – ұлт құндылықтары мен мәдениетінің сан қырлы сипатын ұрпаққа насихаттаған қазақ аналарының бірі ретінде болмыс пен салт-дәстүрдің мазмұн-мәнін ашып, маңыздылығын дәріптеп, тәрбие-тағылым ұйытқысы бола білген бір топ белсенді ананы "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің бас төрайымы Айнұр Жүгінісова алғыс хат табыстап, жылы лебізін білдірді.
Сыр өңірінен делегат болып қатысқан мен де осы марапат төрінен табылған жайым бар.
Атадан қалған асыл мұраны насихаттаған аналар көздің жауын алатын қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, түрлі ұлттық киім үлгілерімен таныстырды. Ақ жаулықты аналардың барлығы бұл жобаны  қолдап, отбасы құндылықтары туралы алдағы уақытта да нәтижелі жұмыстар жүргізетіндіктерін жеткізді.
Аудан орталығында да жақында құрылған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әйгерім Ешбаева бастаған аналарымыздың қанатқақты жұмыстарына сәттілік тілейміз.
Рая ЖӨНЕЙТОВА,
Ақжар ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы
31 желтоқсан 2023 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930