» » Әйел, ана – отбасы ұйытқысы

Әйел, ана – отбасы ұйытқысы

Аудандық «Nur Otan» партиясының филиалында «Әйел, ана – отбасы ұйытқысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған аудандық әйелдер кеңесі мүшелері және жас келіндер қатысты. Дөңгелек үстелді аудандық мәслихат депутаты, әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева жүргізіп, қазіргі аудандағы ахуал мен отбасы құндылығы туралы ой бөлісті.
– Бүгінгі қоғамдағы келеңсіз оқиғалардың көбеюі отбасындағы ана, әйелге де байланысты. Отбасы құндылығының ұлттық тәрбиеге негізделгені дұрыс. Өйткені салт-дәстүрін ұмытпаған, оны ұлықтаған отбасының болашағы зор. Әлеуметтік желідегі түрлі жазбаның өршімеуі үшін, болашақ ұрпақ тәрбиесінің бүгіннен басталатынын жастардың санасына сіңіру үшін біз біріге әрекет етуіміз керек, - деді Г.Төлегенқызы.
Сондай-ақ жиында аудандық әйелдер кеңесінің мүшелері Гүлнар Төлепбергенова, Айткүл Әбжәлиева, Сәрсенкүл Райымбаевалар ұлт тәрбиесінің әрбір отбасынан басталатынын айта келе, ынтымақ пен бірліктің, өзара түсіністіктің маңыздылығына тоқталды. Жас келіндер ескеруі тиіс пайымды пікірлер мен маңызды қағидаттар айтылды. Жиынға қатысушы жас отбасы мүшелері ақыл-кеңесін ортаға салған үлкендерге алғысын білдірді.
Ел аналары бас қосқан мұндай жиын отбасының іргесі берік қаланып, шаңырақтың шайқалмауы үшін аса маңызды. Алдағы уақытта да мағыналы да, мәнді әңгімесі бар, кішіге өсиет айтар дана ақжаулықтылар мен елге сыйлы, үлгілі келіндер де қатыстырылмақ. Ұрпақ болашағы үшін жасалынып жатқан мұндай игі отырыстар әлі де жалғасын таппақ.
06 қараша 2020 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031