» » » Ұлттың өркендеу тамыры – дәстүрімізде

Ұлттың өркендеу тамыры – дәстүрімізде

qarmaqshy-tany.kz «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЗАҚ АНАЛАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ДІЛІМІЗДІ, ДІНІМІЗДІ, АНА ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ ҰСТАНЫП, НАСИХАТТАУДА ҚҰРЫЛҒАН БІРЕГЕЙ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ. ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫН МҰРАТ ЕТІП, ЖАС ҰРПАҚТЫ СОҒАН БАУЛУДА ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ НЕГІЗІН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ АЙНҰР ЖҮГІНІСОВА ҚАЛАҒАН.
Құрылғалы бері республика көлемінде белсенді жұмыс істеп жатқан ұйымның облыстар бойынша филиалдары ашылған. Оның ішінде қазақы қаймағы бұзылмаған біздің облысымыз да қамтылған. Сонымен қатар бүгінде дәстүрді мұрат тұтқан бірлестіктің аудандарда филиалдары ашылып, жұмыс бастауда.
Осы ретте жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша төрайымы, жерлесіміз Ләйле Ноғайқызы мен Қызылорда облысы бойынша филиалының төрайымы Алтынай Мырқықызы және аудан аналары мен қызкеліншектерінің қатысуымен басқосу өтті. Онда қазіргі қоғамдағы түйткілді мәселелер қозғалып, бала, қоғам тәрбиесіндегі аналардың рөлі, орны сөз етілді. Әсіресе, әйел-ана өміріндегі аналарымыздың киген киелі бас киімі – кимешек туралы тереңнен тарқатылып айтылды.
«Қазір қыз баланың тәрбиесі өте өзекті мәселенің бірі. Әлеуметтік желілерден түрлі жағдайларды оқып, көріп отырмыз. Шаш жұлысу, төбелес, анайы сөздер айту – қазақ қоғамында бұрын-соңды болмаған оқиғалар. Никаб, хиджаб дегенді де ардақты аналарымыз кимеген. Нәзік жандылардың өзіне тән қазақ халқында дәстүрлі салты болған, ол қазір де бар. Ол – ақ орамалы мен кимешегі. Бұл өткенді жаңғырту ғана емес, болашаққа дұрыс бағдар салу да. Себебі отбасында да, қоғамда да аналарымыздың орны ерекше. Перзентін болашағым деп тәрбиелейтін аналарымыз дәстүрді бойына сіңірмей, ұлттық құндылықтарымызды алға жылжыту мүмкін емес» дейді бірлестіктің белді мүшелері.
Басқосудағы үлкен жаңалық – осы қоғамдық бірлестіктің филиалы біздің ауданымызда да құрылып отыр. Оның төрайымы болып бірауыздан аудандық Жыраулар үйінің директоры, жыршы-термеші Айгерім Ешбаева сайланды.
Жаңадан құрылып отырған филиалдың жұмысына сәттілік болсын!
Сәрсенкүл АҚКІСІ
21 қараша 2023 ж. 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031