» » Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

qarmaqshy-tany.kz Өткен жылдың қарашасында Байқоңыр қаласында «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім-шарты әскерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Бірлестік құрудағы негізгі мақсат – алдыңғы толқын аға ұрпақ бойындағы патриоттық тәрбие мен қазақи қаймағы бұзылмаған ұлттық өнегелерімізді бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіре білуге қол ұшын созу, ұрпағымызды ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, дәріптеуге үйрету, оның ішінде интернационалист жауынгерлердің жүріп өткен жолдарын насихаттау. Сондай-ақ жастардың Қарулы Күштер қатарында борышын өтеуге деген ынтасын арттыру болып табылады. Қоғамдық бірлестікке осы Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округінде жоғарыда аталған әскер қатарында болған барша азаматтар тіркелуде.

Айта кетейік, сонау КСРО тұсында Германия-Варшава келісіміндегі мемлекеттер – Венгрия, Чехословакия, Югославия, Румыния елдерінде Отан алдындағы борышын өтеген қазақстандықтар осы қоғамдық бірлестіктің құрамына кіреді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осы «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім-шарты әскерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірқатар мүшелері арнайы тағайындалған төсбелгі мен куәліктерге ие болды. Атап айтар болсақ, Бигелді Молдашов, Әнуар Дәуленбаев, Қонысбай Кеулімжаев сынды ардагерлер «КСРО Жауынгер-интернационалисті» төсбелгісіне ие болса, Айтұрақ Ақпейілов, Бақытбек Надырбеков, Нұртаза Мақұлбаев Қызылорда облысы бойынша «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім-шарты әскери тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директорынан ардагер деген куәлік алды. Алдағы уақытта әр жылдың айтулы күндерінде оқу орындарында, мектептерде өзара кездесулер, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып отыруды үрдіске айналдыруды мақсат тұтатын бірлестіктің құрамындағы ардагерлеріміздің арасында сол кездегі әскер құрамының барлық саласында әскери борыштарын өтеген азаматтарымыз бар. Олардың әрқайсысын көтермелеп, елеп-ескеріп отыру бірлестіктің басты міндеті.
Қымбат БЕРДЕШ,
Байқоңыр қаласы
15 қаңтар 2023 ж. 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930