» » » Бәбіш-мола қалашығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

Бәбіш-мола қалашығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

Материалдық деректер арқылы тарихымызды әріден зерттеп, сырын ашатын археология саласының ғылыми тұрғыда алар орны бөлек. Осындай күрделі мамандық иелері жер-жерлерде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, жер қойнауында жатқан тарихи деректердің сырын ашуда. Қазірде Қармақшы ауданының территориясындағы Солтүстік Қызылқұмның қойнауында орналасқан мәдени-тарихи ескерткіштерге 20 жылдан бері археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Археологиялық жұмыстарды 2004 жылы Алматы қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының жанынан құрылған Шірік-Рабат археологиялық этнографиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) жыл сайын үздіксіз жүргізіп келеді.
Үстіміздегі жылдың тамыз айында айтулы экспедиция (отряд басшысы Ж.Утебаев) хронологиялық шеңбері б.з.д IV-II ғасырлармен мерзімделетін көне Бәбіш-Мола қалашығына кезекті қазба жұмысын жүргізген болатын.

Археологиялық экспедицияның негізгі мақсаты - қалашықтың өмір сүрген уақытындағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін және сол уақыттағы өркениетті анықтау. Биылғы қазба жұмыстары нәтижесінде қалашықтың құрылыс орындарымен қатар заттай деректерде табылды.

Жергілікті жерден музей ғылыми қызметкері Әзірбек Бақтыбаев экспедиция құрамында болып, қазба жұмыстарына қатысты.
17 қыркүйек 2024 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930