» » » Тәрбие негізі – ұлттық құндылықта

Тәрбие негізі – ұлттық құндылықта



Қармақшы ауданының білім бөліміне қарасты №186 орта мектебінде 6 маусым күні "Алтын балалық шақ"декадасы және "Бала еңбегін қанаудың 12 күні" ұлттық ақпараттық науқаны аясында "Тәрбие негізі—ұлттық құндылықта" тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

Шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.К.Тоқшылықова, аудандық СЭС басқарма басшысы Г.Төлепбергенова, аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы М.Әлиев, Аудандық жастар орталығының психологі Ә.Т.Кетебаева құрметті қонақ болып қатысты.

Шара барысында "Құтты мекен-Қуаңдария " этнолагерінің тынығушылары ұлттық дәстүр-салтымызды ұлықтайтын "Ата кәсіп —ұрпаққа нәсіп" тақырып аясында «Аталар мектебі» мүшесі Қыстаубай Кетебайұлы атаның қолөнерімен, "Мен әжемін ұрпағымды әлдилеген" тақырыпта «Әжелер мектебінің» мүшелері, ата аналар комитетінің төрайымы Роза әже және Баян әже, Гүлзира әжелер лагерь тынығушыларына «жүн түту»,«ұршық иіру»,«құрақ құрау» жайында шеберлік сыныптар көрсетті.

Спорттық лагерь тынығушылары"Бес асық", "Гір көтеру", "Асық ату"ойындарынан жарыс өткізді.
Қазақтың ұлттық тағамдарынан «Жеңгелер мектебінің» мүшелері қыздарға ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын көрсетіп, ұмытылып бара жатырған салт-дәстүрлерімізді жаңғыртты.
08 маусым 2024 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930