» » » Ұлттық тәрбие - құндылықтар негізі

Ұлттық тәрбие - құндылықтар негізі


Өскелең ұрпақты, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені қазақ қоғамының діңгегі осы құндылықтарда жатыр.

«Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді», - деп айтпақшы, тәрбиенің берілетін балалық шақтағы маңызы зор. Расымен де балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады

Осы орайда бүгін Төребай би ауылындағы №199 орта мектебінде "Алтын балалық шақ" декадасы және "Бала еңбегін қанаудың 12 күні" ұлттық ақпараттық науқаны аясында "Ұлттық тәрбие - құндылықтар негізі" тақырыбында ауқымды шара өткізілді.

Шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері А.К.Тоқшылықова, аудандық СЭС басқарма басшысы Г.Төлепбергенова, аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы М.Әлиев, ардагер ұстаз А.Молдабаевалар құрметті қонақ болып,қатысты.

Шара барысында "Балдырған" этнолагерінің демалушылары ұлттық дәстүр-салтымызды ұлықтайтын "Қамшы өру", "Шашу", "Тұс киіз", "Тықыр киіз", "Шаш өру", "Шымылдық", "Киіз үй" тарихынан мол түсініктері бар екенін көрсетті. "Жас қыран" спорттық лагерінің демалушылары"Бес тас", "Ләңгі", "Арқан тарту" ойындарынан жарыстар өткізілді.

Шараға қатысушы арнайы қонақтар жас буынға тәрбиелік мәні бар шара өткенін атап өтіп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

06 маусым 2024 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031