Құрылтай
» » Отбасы және бала тәрбиесі басты назарда

Отбасы және бала тәрбиесі басты назарда


qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Ш.Уәлиаханов атындағы №26 орта мектебінде «Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында «Отбасы және бала тәрбиесі»тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел болып өтті.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы кабинетінің ашылу лентасын Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Д.Жалғасбаева мен №26 мектептің әжелер кеңесінің төрайымы К.Беркінбаева кесті.
Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту,сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту, құқық бұзушылықтың,зорлық зомбылықтың алдын алудағы дөңгелек столға аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева, ауданның құрметті азаматы,ардагер ұстаз Д.Жалғасбаева, АПб-нің орынбасары полиция подполковнигі Қ.Ерманов, жастар ресурстар орталығы директоры Н.Пірназаров,аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы хатшысы Ә.Бүркітбаева т.б қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел « Бастау» мектеп парламентінің құқық бұушылыққа байланысты мектепте жүргізілген жұмыстардың слайдтық таныстырымы және жаңа форматтағы бір тұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие құндылықтарына ата-аналар 3-топқа бөліну арқылы постер қорғады.

Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста екендігі айтылып, сергіту сәтінде мектеп психологі «Өрмекші торы» тренингін өткізіп, отбасы бала тәрбиесіндегі үйлесімділік қарым-қатынасы жақсы жеткізілді.

Ұлттық тәрбие отбасы, жанұя,құқықбұзушылықтардың алдын алу,жастар саясаты туралы келелі мәселелер айтылды.

17 қараша 2023 ж. 779 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 602
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31