» » «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында ата-аналар жиналысы өтті

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында ата-аналар жиналысы өтті


qarmaqshy-tany.kz Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру мақсатында Жосалы кентіндегі №105 мектеп – лицейінде аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы болып өтті.

"Отбасы және бала тәрбиесі" тақырыбындағы жиыннның күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Бірінші мәселе «Отбасы құндылығы - басты нысана» тақырыбы бойынша Қармақшы ауданының құрметті азаматы, ардагер ұстаз Жалғасбаева Дәмелі Қожахметқызы хабарлама жасаса, екінші мәселемен «Зорлық –зомбылықтың алдын алу» мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бастығы, Жарқынбаев Бақытбек Зейнуллаұлы баяндады.

«Денсаулық және бала тәрбиесі» тақырыбында аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Сарыбаева Парида Ергешқызы, мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстары туралы №105 мектеп-лицейдің директоры Еркебаева Гүлзира Мұратбекқызы айтып өтті.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден бір себеп болатын еді.
Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенін ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі белгілері болып табылады. Келешек ғұмырымызды жалғастырар ұрпағымыздың тәрбиесімен осы кезден бастап айналысып, жасөспірімдеріміздің болашағына дұрыс бағдар беріп рухани жан-дүниесін байытып, «елім, жұртым» – деп тұратын азамат етіп өсірейік, - деп түйіндеді өз сөзін аудан әкімінің орынбасары Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 қараша 2023 ж. 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930