Облыстық семинар: Асық-үлкен халықтық тәрбие
qarmaqshy-tany.kz Облыстық "Тәрбие, спорт және қосымша білім беру" орталығының жылдық жоспарына сай Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени - ағартушылық жобасы және "Тоғыз айға- тоғыз іс-шара" жобасын жүзеге асыру бағытында «Асық-үлкен халықтық тәрбие » тақырыбында облыстық семинар болып өтті.
Семинарға облыстық "Тәрбие, спорт және қосымша білім беру" орталығының директоры Ф.Досаев, орталықтың Қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ж.Асқарова, аудандық білім бөлімі басшысы Г.Абдазиева, ауданның құрметті азаматы, ардагер ұстаз Д.Жалғасбаева, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы А.Мереков, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Ә.Қаракөзеев, аналар кеңесінің төрайымы Г.Раева, аудандық білім беру ұйымдарының тәрбие орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында бағдарламаға сәйкес «Асық–асыл қазына», Асық–қазақ халқының ұлттық ойыны және ұлттық ойын түрлерінен жбалар қорғау, тәрбие сағаттары көрсетілді.
Іс-шара "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" кабинетіндегі ұлттық тәрбиені насихаттайтын, отбасы құндылықтарын дәріптейтін көрініс және тәрбиелік шарамен жалғасын тапты. Мектеп спортзалында әжелер,аталар,ағалар, жеңелер асық, ләңгі тебу, бес асық ұлттық спорттық ойын түрлерінен бақ сынасты. Жарыс соңында жеңімпаз командалар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
Семинар соңында қатысушылардың ой талқы, пікір алмасу кезеңі болып, олар өз тараптарынан ыстық ықылас, лебіздерін білдірді.
Басқа жаңалықтарды инстаграмнан оқи аласыздар