Құрылтай
» » » Абай шығармалары және адамтану

Абай шығармалары және адамтану

2021 жылғы 17 ақпан күні Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты №273 мектебінде «Білгенге маржан...Абай шығармалары және адамтану» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты - ұлы ақын мұрасы арқылы оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық ізгіліктерін насихаттау. Бұл аудандық іс-шараның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері және үздігі, филология ғылымының кандидаты, абайтанушы Абат Жолдасқызы, Қызылорда қаласындағы №101 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алимова Айжан Шорабекқызы болды. Сонымен қатар семинар жұмысына Байқоңыр қаласы, Ақай ауылы, Төретам қыстағының тәрбие мамандары қатысты.
Семинар барысында рухани-танымдық тәрбие,зияткерлік тәрбие, көпмәдениетті-эстетикалық тәрбие,отбасылық тәрбие,ұлттық және жаңа қазақстандық патриотизм тәрбиесі сынды тәрбие бағыттары бойынша іс-шаралар жүргізілді. Семинар жұмысы жас ұрпаққа ақынның педагогикалық бағытта жазылған тәлім-тәрбие беру жөніндегі әдеби мұрасының мақсатын айқындап, Толық адам туралы ұстанымдарын саралап берді.
21 ақпан 2021 ж. 1 076 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 468
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 967

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031