» » «Қазақстан – мейірімділік мекені»

«Қазақстан – мейірімділік мекені»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылдың қаңтар-маусым аралығындағы «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасына сәйкес Қармақшы аудандық білім бөлімі жұмыс жасауда. №185 мектепте 3 сыныпта «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағаттың мақсаты – оқушыларға үлкенді сыйлауды, кішіге құрмет көрсетуді үйрету, оқушыларға адамгершілік қасиеттерін насихаттау. Тәрбие сағаты барысында оқушылар ізеттілік, сыйластық туралы мултьфилм көріп, әңгіме тыңдады. Жағдаяттардан шығып, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар арасында көркем-эстетикалық тәрбиені дамыту, отбасы бақыты туралы түсінік беру мақсатында «Менің отбасым» тақырыбында сурет көрмесі болып өтті. №99 мектепте «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері «Кедергісіз әлем» мейірімділік- қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Оқушылар мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын достарымен байланыса отырып, түрлі шаралар өткізді. 
Мектеп тәлімгері Т.Жумамуратованың ұйымдастыруымен «Жас ұлан» ұйым мүшелері үйден оқитын 3а сынып оқушысы Талғатұлы Құдайбергенің үйіне барып, оқу-құралдар, өзіне қажетті жапсырма қағаздар мен түрлі-түсті қаламдар алып берді. Құдайбергенмен достарымен ойындар ойнап, достары оған жақсы көңіл күй сыйлады. 
Ш. Уәлиханов атындағы «Қазақстан - мейірімділік мекені», «Жүректен жүрекке», «Мейірімділік жүректен» атты тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке ,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатындағы тәрбие сағаттары өз дәрежесінде өтті. Игі істер жалғасын таппақ.

30 қаңтар 2019 ж. 2 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031