«Қазақстан-мейірімділік мекені»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы №100 санды хатындағы «Қазақстан-мейірімділік мекені» атты Республикалық балалар бастамасының өңірлік іс-шарасына сәйкес Қармақшы аудандық білім бөлімінде іс шаралар ұйымдастырылуда. №85 мектепте «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері 19 қаңтар күні Төретам кенті Құлқашев көшесі №8 үйдің тұрғыны, тыл ардагері Әбілқайырова Нағипа әжейдің отбасына көмек көрсетті. Оқушылар ауладағы қыстай жауған қарды сыртқа шығарып, ауласын тазартып берді. Әжей оқушылардың атқарған жұмысына, ризашылығын білдіріп, батасын берді. №272 мектепте 20 қаңтар күні 5 «А » сынып жетекшісі Игисинова Куланда үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі Садуов Жандостың туған күнімен құттықтап мерекелік көңіл-күй сыйлады. №273 мектепте «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» тақырыбында тәрбие сағаттары 1-4 сыныпта ұйымдастырылды. Оқушыларды қайырымдылыққа, әдептілікке, кішіге қамқор, үлкенге құрмет пен ізетті болуға тәрбиелеу,біреудің жақсылығын бағалап, алғыс айтуға үйрету, сыйластық, ризашылық, адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында өткен тәрбие сағаты мазмұнды өтті.
№275 мектепте аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету үшін мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерін, меценаттар мен демеушілерді бекіту шаралары бойынша жеке кәсіпкерлерлердің көмегімен 6 білім алушыға 12500 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Қайырымдылық жұмыстар жүргізіле бермек.
Пікір 1