» » » Музей қорындағы құнды жәдігер

Музей қорындағы құнды жәдігер

Орта ғасырларда қазақ даласын мекендеген көшпелі қазақ елі өзге халықтарға ұқсамайтын киім үлгілері көшпелі өмір мен табиғи ерекшеліктерге сай қалыптасты. Ұлттық киім – бай, тарихи-мәдени мұра. Әсіресе бас киімнің дәстүрлі қазақы ортадағы адамның күнделікті тіршілігіне тікелей қатысты қамдық қажеттілігінен басқа сан алуан қырлары мен сырлары толып жатыр.

Қазақтың ұлттық бас киімдердің даму тарихын аңғарту үшін аудан орталығы Жосалы кентінен бір жүз алпыс шақырым жерде бұрынғы «Жаңақала» совхозында 1938 жылы колхозшы отбасында дүниеге келген Қызылқұмның қойнауын құт мекенге айналдырған шопан, Социалистік Еңбек Ері Әділбек Қайруллаевтың құм қойнауындағы қой шаруашылығында өзі тұтынған құнды жәдігердің бірі – тымақ жайлы ой жіберген жөн. Бұл тымақты 2016 жылы баласы Ақтай Қайруллаев ағамыз аудандық тарихи-өлкетану музей қорына табыстады. Сақтаулы тұрған тымақ ХІХ ғасырдың аяқ шеніне тән. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиім. Қазақ ғұрпында бас киімге, оның ішінде тымаққа бұрыннан жоғары мән берген. Оған қатысты ырым-тыйымдар да аз емес.

Тымақ суықтан, бораннан қорғайтындай молынан тігілген. Ішкі жағының төбесі киізден тігіліп, сыртын берік және жақсы барқыт матамен тыстаған. Құлағы мен маңдайын түлкі терісімен жұрындаған. Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылған. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақты артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды.

Жалпы айтатын болсақ, бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі де ерекше бөлігі болып саналады. Тымақты кедейлер – сеңсеннен, байлар – бағалы терілерден тіккізген. Қазақ киімдерінің көшпелі халықтарға ғана тән сипаты болған. Олар өздері  баққан мал өнімдерін көбірек пайдаланған. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды. Дегенмен сол тамыры терең ұлттық сән өнері үлгілерінің кейбіреулері әлі де қолданыста бар дәстүрлі түр-пішінін, қасиетін жоғалтқан емес. Біздің мақсатымыз – қолөнердің бай мұраларын жинап, оларды сақтап қалу  және дамыту.

Ғалия  ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің қор сақтаушысы
17 ақпан 2024 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 211

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930