» » » Жыр дүлдүлі – Жаппар жырау

Жыр дүлдүлі – Жаппар жырау

qarmaqshy-tany.kz ӨНЕР ӨЛКЕСІНІҢ ӨР БИІГІНЕ АЙНАЛҒАН ҚАСИЕТТІ ҚАРМАҚШЫ ТАЛАНТЫ ТЕҢІЗДЕЙ ТОЛҚЫҒАН, ӨШПЕСТІҢ ОТЫН МАЗДАТҚАН КӨПТЕГЕН ЖЫР ДҮЛДҮЛДЕРІН ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ. ОНЫҢ ІШІНДЕ, ТУМА ТАЛАНТ ИЕЛЕРІНІҢ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН ҚАСИЕТ ПЕН ТЕКТІЛІКТІҢ МЕКЕНІ АТАНҒАН ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНЫҢ ОРНЫ ЕРЕКШЕ.

Расында да, Сыр өлкесінің бір бөлшегі болған, даңғайыр ақын Тұрмағамбет есімімен аталатын осы бір шағын ауылда КСРО Батыры да, Еңбек Ері де, даңқты күрішші, ұстаз, ақынжырау да, бір емес, бірнеше ғылым докторлары өсіп өнді.
Міне, осындай дарын иелерінің ақ отауы атанған қасиетті өлкеде саналы өмірін өткізген, жыраулық өнерді ұрпақтанұрпаққа аманаттап өмірден өткен Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Мұзарап, Сабыт Жиенбай, Рүстембек, Көшеней, даңғайыр ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтей жыр жүйріктерінің аманатын арқалап, осы сара жолды жалғаушылардың да қатары аз емес. Осындай жанның бірі, халық аузында тарлан жырау атанған жыр дүлдүлі – Жаппар Тұңғышбаев.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында елімізде өткен ашаршылық, ұжымдастыру, қуғын-сүргін сияқты сталиндік солақай саясаттың жүріп жатқан кезеңінде өмір есігін ашқан Жаппардың балалық шағы сол заманғы ұрпақтың өмірімен тағдырлас болды. Талай жанның отбасына қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысында да Жаппар ауылдастарымен бірге ала жаздай егін егіп, күзде астық жинауға көмектесіп, масақ терді. Қыста отын шапты.
Көптің күткен ұлы тойы, яғни Жеңіс күні де келіп жетіп, елге оралған майдангерлермен бірге жас болса да Жаппар ауылда халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру жұмыстарына белсене араласты.
Бала жасынан жыраулық өнерді өміріне серік еткен ол ауылдағы орта мектепті тәмамдаған соң, Қызылордадағы политехникалық арнайы оқу орнында білімін жетілдіріп, алғашқы еңбек жолын туған елінде сушы, жүргізуші болып бастады. Жыраулық өнерге деген ықыласы ерекше болған жас жыршы ауылдастары Зайыр, Сүйінбай, Берман, Әбдіқалық және Қуандық сынды дарынды жыраулармен бірге тойтомалақтарда жыр жырлап өнерсүйер қауымның батасына ие болады. Жыр әлеміне енген ол бар өмірін осы киелі өнерге арнауға бет бұрады.
Жас болса да жыраулық әлемде орнын сайлап алып, өзінің қайталанбас мақамымен ел-жұрттың жүрегін жаулаған Жаппар жырау талай жыр-додаларында бақ сынап, мәртебесі тасыды. 1979 жылы Қызылорда қаласында ҚазКСР-ның 60 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыраулар мен күйшілер байқауында Сыр шайырларының жыр-термелерін нақышына келтіре орындап, мақтау грамотасын иеленсе, кейіннен республикалық, облыстық өнер фестивальдеріне қатысып, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Жаппар Тұңғышбаев өміріне пір тұтқан жыр дүлдүлдері Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Жиенбай мен Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет ақынның жыр-термелерін ел-жұртқа насихаттап, осы өнердің қазақ даласында кеңінен қанат жаюына атсалысты. Әсіресе, жауынгер-ақындар Әбзәли Егізбаев пен Әлімбай Әлиасқаровтың, Наурызбай жыраудың дастандары мен қиссаларын және басқа да жыр-термелерін шебер орындап, ел-халықтың қошеметіне бөленді. 2004 жылы республикалық телеарнаның ұйымдастыруымен өткен «Жыр керуені» телебағдарламасына қатысып, көрермендер алдында өнерін паш етсе, 2006 жылы тұңғыш рет Қорқыт ата мемориалдық кешенінде өткізілген «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық өнер фестивалінде лауреат атанды. Ол кезде тарлан жырау Жаппар Тұңғышбаев 73 жаста болатын. Елжұртының мақтанышына айналған жырау өзінің қайталанбас мақамымен фестивальге қатысушы мен қонақтардың ілтипатына бөленіп, жыраулық әлемде айрықша орны бар екенін дәлелдеді.
Жаппар Тұңғышбаевтың жыраулық өнерін ел-жұртқа насихаттап көптеген ақын жыр арнаса, тілшілер қауымы облыстық, республикалық басылымдарға мақалалар жариялады. Ақын Әлиакбар Жұматаев өзінің ақын-жыршылар өмірін баяндайтын термесінде:
«...Тұңғышбайдың Жаппары,
Әркімнің осы мақтары.
Көмейінде кірбің жоқ
Бұлбұлша сайрар бақтағы...» – деп Жаппар жыраудың да өнеріне тоқталып өтіп, бағасын берген.
Расында да, «Көмейінде кірбің жоқ» деп Әлиакбар ақын айтқандай, Жаппар жырау Тасберген жыраудың «маңырамасын» жырлағанда оған тең келетін жыршы жоқтың қасы дейді өнертанушылар.
Өзіндік ерекше мақамымен қазақ даласын баурап алып, туған халқына өшпес мұра қалдырған Жаппар Тұңғышбаев 2011 жылы дүниеден озды. Ол көптеген шәкірт тәрбиелеп, олардың жыр әлемінде нықтап орнығуына үлес қосты.
Н.ЖАНӘДІЛОВ
25 наурыз 2023 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031