» » » Сүлейлер мұрасы – сарқылмас бұлақ

Сүлейлер мұрасы – сарқылмас бұлақ

Өнер өлкесінің өр биігіне айналған қасиетті Сыр елі топырағы да таланты теңіздей толқыған, өшпестің отын маздатқан қаншама Сыр шайырларын дүниеге әкелді десеңізші. Талай дарын иелерінің бесігін тербеткен дархан даламыз қасиет пен тектіліктің мекені болған Тұрмағамбет ауылының орны ерекше.
«... Бөлебай, Сабыт, Разақ,
Сөйлеген сөзі нақпа-нақ.
Көктемнің гүлі секілді,
Жайнаған жандар шамшырақ.
Сөз мәнерін келтірген,
Сүйсіндіріп тіл мен жақ.
Дүрлердің орнын толтырған,
Қырандар осы болашақ» деп жергілікті ақын Әлиакбар Жұматаев «Кетенің кемеңгерлері» атты жырына қосқан Сыр сүлейлерінің ізбасары ақын Әбдіразақ Мыңжановтың туғанына 100 жыл толуына орай аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Жастарға өсиет» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі жоғары деңгейде өтіп, көрермендер көңілінен шықты. Жыр фестивалінде аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, ақжолтай тілек жолдады. Жыр фестивалі аясында Разақ Мыңжановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Аманат» кітабының ресми тұсаукесері өткізілді. Рәсімде мемлекет және қоғам қайраткерлері Нұртілеу Салықов, Сержан Наметша, Берік Саймағамбетов, Сәкен Алдашбаевтар арнайы сөз сөйлеп, жаңа туынды өз оқырмандарына жол тартты. Кітаптың жарыққа шығуына үлес қосқан Бақытжан Зәріповке рақметімізді айтамыз.
Жыр фестивалінің көрігін қыздырған Қасарбек Кәрібаев, Амандық Бүрлібаев, Руслан Ахметов, Серік Жақсығұлов, Айдос Рахметов, Болат Баймұратов, жас жыршылар Әлішер Мырзағалиев, Руслан Өтегеновтер жырдан шашу шашып, көрермендер көзайымына айналды.
Фестивальге қатысқан барлық жыршы-жыраулар аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталып, сияпатқа ие болды.
Осы мәдени іс-шараның өткізілуіне демеушілік жасаған «Тұрмағамбет» ЖШС төрағасы Нұржан Пірмантаев, Дауылкөл ауылдық округінің әкімдігіне ризалығымызды білдіреміз.
Сүлейлер мұрасы – қазақ мәдениеті тарихының алтын арқауы. Бұл – адамзат тарихының талай мыңжылдықтарынан бүгінге дейін өзіндік халықтық, ұлттық болмысын сақтаған қазақ сөзінің, әуезінің құдіретті көрсеткіші. Жыршы-жыраулар, термешілер әуезімен әдіптелген жырлары ұлтымыздың жарқын болашақ жолындағы берік сеніміне серік қалпымен өркендей бергей!
Салтанат АЛИАКБАР
09 тамыз 2022 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 792

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031