Ұйымшыл ұжым

«Білім – инемен құдық қазғандай» деген мақалдың түпкі мағынасын енді сезінгендеймін. Неге десеңіз, білімнің шыңына жету мүмкін емес дүние. Білген үстіне білгің келіп тұрары сөзсіз. Шәкірт түгілі кәдуілгі ұстаздың да ізденері көп-ақ. Білім алушыларға үйрете отырып өзі де бірге үйренері хақ.
Әне-міне дегенше жаңа оқу жылы да келіп жетті. Алыстан менмұндалаған алтын ұя мектебіміз құшағын ашып, өзіне тұлымшағы желбіреген жас жеткіншектермен қатар құшақтары гүлге толы ұлағатты ұстаздарды шақырып тұрғандай. Білім күніндегі салтанатты жиын мен білім сағатын өте керемет көңіл-күймен бастадық. Әдеттегідей қоңырау үні құлаққа жағымды естіліп, партаға жайғасып, сыныптан-сыныпқа көшкен балалар бір-бірімен әңгімелері таусылар емес. Ұжымдағы мейірімділігі мен ауызбіршілігін көргенде «бірлігі жарасқан жанұя» іспетті сезіледі. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін секілді ұстаздарымыз да жыл өтсе де жасарып бара жатқандай сондай көңілді, кең пейілді керемет көрініс!
Мектебімізде қыркүйектің бірінші аптасында М.Әуезовтің туған күніне орай «Тілдер мерекесі» аталып өтті. Бұл апталықта қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері білім алушылармен тығыз байланыста болды. «Дебат», «Форум», «Мәнерлеп оқу» байқауы, «Ертегілер елінде» театрландырылған көрініс, «Сынақхаттар шеруі» бастау алып, өз мәресіне жетті. Үштілді жетік меңгерген балалар еркін сөйлеп, мәнерлеп оқуларын ортаға салды. Каникул кезінде демалып, мектепті сағынып келген бүлдіршіндер белсенділікпен атсалысты.
Сонымен қатар мектебімізде «Баспасөз» орталығы жұмысын бастады. Орталыққа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Жақыпова жетекшілік етуде. Орталықтың мақсаты – Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын насихаттау қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыру, ұстаз мәртебесін ұлықтау, мемлекеттік тілді дамыту, тіл тазалығын сақтау, жас тілшілерге журналистиканың қыр-сырын үйрету. Орталық мүшелігіне 5-9 сынып оқушылары тартылған. Ашылу салтанатында талантты балалар өздерінің арнау, тіл туралы өлеңдерін жатқа оқыса, оларға көпшілік алдында мүшелік куәліктері табысталды. Білім ұясының жұмысы мұнымен толастамақ емес. Мектеп фракциясының сайлауы әділ түрде өткізіліп, дауыс жинаған оқушылар фракция мүшелігіне және президенттікке лайықты дауыс жинау арқылы сайланды. Жаңа оқу жылында мектеп өмірінде маңызды рөл атқаратын жас шәкірттерімізді сапалы білім мен саналы тәрбие бесігінде тербелуді Алла нәсіп етсін!
Назира ОРАЗХАНҚЫЗЫ,
№85 мектеп мұғалімі,
Төретам кенті
25 қыркүйек 2022 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031