» » » Бәрі де бәрі есімде

Бәрі де бәрі есімде

Ең алғашқы құрылғаннан кейінгі өз тарихындағы алғашқы және кейінгі мыңдаған түлектеріне білім әліпесін үйретіп  тәрбиелеп ұшырған Жосалы кентінің орталығында орналасқан №26, №105, №27, №414 мектептер еді.
Біздер де 1962-1972 жылғы оқу жылдары №26, №105, №27, №414 мектептерде оқып, білім алып бітірген және арман қуып ұшып шыққан түлектері едік.
Әрбір ата-анамыздың мерейі ол, мәпелеп өсірген балаларының ел қатарлы орта білім алып шығуы мен ұстаздарының  берген білімінің негізінде қанаттанып ұшқанын көру ғой.
Халқымызда ежелден айтылып жүрген «Бесіктегі баланың күлгенін көрген – бір мұрат, алдына түсіп ананың жүргенін көрген – бір мұрат» деген аталы сөзі біздердің де ата-аналарымыздың жүрегінде ұялаған мақсатты арманы болатын.
Себебі  осы 1972 жылы аттестат алғаннан кейінгі мектеп бітіруші барлық албырт жастар алдында сыры мен сыны көп үлкен өмір тұрған-ды.
Мағжан Жұмабаевтың«Педагогика» атты еңбегінде «Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі.  Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны» деген ұлағатты сөзі бар. Азаматтыққа аяқ басқан біздің төрт құбыламыздытүгендейтін Мағжан атап көрсеткен аталған тәрбиелерді   түгелімен біздің бойымызға да, жадымызға да сіңірген сол кезеңдегі аудандық білім бөлімін басқарған  марқұм Т.Мешітбаев, директорлар Жаназаров, Т.Әбдиева, И.Тен және ұстаздарымыз Е.Старадубцова, Қ.Шыңғысов, Ә.Көбеева, Қ.Жәнібеков, Қ.Жаппасбаев. З.Әлімбайұлы, О.Бодыбаева, М.Біденбаева және басқа да көптеген біздерге білім берген  мұғалима апайларымыз бен ағайларымыздың еселі еңбектері әсте есімізден шыққан емес.
         Біздің әлі есімізде, 1972 жылы мектеп бітіруші түлектердің кешінде көз жанарымызға келген мөлтілдеген жасымызда  «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» аяулы ортамызға деген қимастықтың сырлары мен алға жетелейтін арман жырларының көкірегімізге толы болғаны.
Себебі осы жылдың 25 мамыры түлектер біздер үшін айшықты да айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамы мол күннің бірі болған.
Өйткені біз дәл осы күні өзіміздің қимас бір мекеніміз болған, балдәурен шақтың балауса қызықтарын өткізген, бойымызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп-анамыздың түлеп ұшқан және өмір айдынына қанат қағып, арман асқарына самғаған қыздары мен ұлдары едік. Және қаншама жыл оқытып, білім, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыздың іштей тілектестік білдіріп, сәт сапар тілеп, қоңыраудың сиқырлы да сазды әуенін соңғы рет ән салдырып, өмір деп аталатын алып күрежолдың төскейіне шығарып салған сол күн, менің қымбатты мектеп бітіруші құрбы-құрдастарым мен  сыныптастарымның есінде.
Міне бүгін сол соңғы қоңырау салтанатын «Бала шақтан –болашаққа»  деген атпен өткізген күндерден кейінгі біздің де мектеп бітіргенімізге  елу жыл толып отыр.
Сол  төрт мектеп қабырғасындағы бозбала кезіміздегі балалық пен үлкен өмірді жалғар сабырлы мінез тіршілігімізде осы ұстаздардан алған өнеге бізді алыс армандарға, қиял мен мақсатқа жетелеген еді.
Сол түлектер елу жылдың ішінде ұстаз еңбегін ақтап, Қазақ елі үшін еселі жұмыстар жасады. Зейнеткерлікке шығып, бірі көпбалалы ана, бірі әке болып, немере-шөбере сүйген ата-әже атандық.
 Осы жылдар ішінде көптеген ұстаздарымыз бен құрбы-құрдастарымыз жарық дүниемен қоштасты.
Мейлі жылдар, мейлі ғасыр өтсін, ұстаздарымыз бен сыныптастарымыздың тұлғалық келбеттері әр уақытта есімізде сақталып қалады.
Төрт мектепті бітіруші түлектер болып мектеп бітіргенімізге жарты ғасырлық мерейтойымыздың алдында марқұм болған ұстаздарымызбен бірге сыныптас достарымызға  және құрбыларымызға, сонымен бірге сыныптастарымыздың жұбайларын ескерусіз қалдырмай,  ас беріп құран бағыштау шарасын ұйымдастырдық.
Өткен күнде белгі бар. Әрбір игі шараның ұрпақ тәрбиесіне де айтарлықтай әсері болатыны шындық. Кешегі ақ бантик таққан қыздарымыздың ардақты әже атанып, алқызыл галстук тағынған ұлдарымыздың ата атанғаны – бір бақыт болса, ел аман, жұрт тынышта әрбіріміздің сағынышпен бас қосуымыз – мың бақытқа баланады. Алдымызда аз күндерде толқымалы кездесу, тебіреністі салтанат.

Молдабек АХМЕТОВ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Заң ғылымдарының кандидаты
11 мамыр 2022 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 186

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 303

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930