» » » Ұлтының ұлы ұстазы

Ұлтының ұлы ұстазы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының аудандық агротехникалық колледжі бастауыш ұйымында  қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет және ірі қоғам қайраткері – Ахмет  Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған «Ұлтының ұлы ұстазы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті.
Ол – ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым. Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ұстаз, халық ұстазы.
Конференцияда А.Байтұрсыновтың тіл саясаты және қазіргі тілсаясатының сабақтастығы, ұлт болашағындағы  ағартушылық қызметі, жайлы кеңінен сөз қозғады.
Іс-шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының алқа мүшелері Әбдірахман Құлдүйсенов, Шегебай Құндақбаев және колледж басшысы Бауыржан Сайдуллаұлы қатысып, әділ қазылар құрамында студенттердің еңбегін бағалады. Қорытындысында І орынды Тг-21/9 оқу тобының студенті Индира Жанықұлова, ІІ орынды А-20/9 оқу тобының студенті Есбол Сансызбаев, ІІІ орынды Тг-20/9 оқу тобының студенті Мереке Мырзабаева иеленсе, қалған студенттерге қатысқаны үшін сертификат табысталды.

ГүлнарБИСЕНҚҰЛОВА,
 
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының қызметкері
05 мамыр 2022 ж. 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031