» » » Жарқыра руханият аспанында

Жарқыра руханият аспанында


Бірауық бақыласаң БАҚ дегенді,
Түйсігің түрткілей ме басқа әлемді.
Жас талап, анық таны,
ағымдағы
Ақпарат айдынынан ақ кемемді.

Сан сүзіп сырлы сөзден асылды бір,
Малшынып ақ параққа шашылды нұр.
Ескегім – талайлы ұлдың тар заманы
Кешкенім ... Ол – ғаламат Ғасыр – Ғұмыр!

Көтерген жүгім ауыр, бар ма күмән,
Салмақты сандығымды аш – таңғалдырам!
Талассыз таптырмайтын құнды дүние,
Алашшыл арыстардан қалған мұрам.

Тапса деп қазынамнан ел керегін,
Толқимын, толқыныңда тербелемін.
Ертеңім – орамды ойға еміндіріп,
Желкенім жығылмастан мен келемін.

Қалды артта сұрапыл жыл, құйындай күн,
Сонда да соқпағымды шиырлаймын.
Өрінен ыққан демі сын сағатта,
Елінен шыққан кеме
Жиенбайдың.

Айшықты әр мақалам – ардың әні,
Тарихтың қойнауында жаңғырады.
Танып шын Ахаң айтқан: «Үнқағаз» деп,
Халықтың тіл мен көзі һәм құлағы.

Болмаса бөлек болмыс, сергек сенім,
Газет боп дүниеге келмес те едім.
Өмірім Қармақшымен біте қайнап,
Өңірін осы өлкенің өрнектедім.

Өрнегім – өшпес ізім, өрлегенім,
Септігім тисе деймін елге менің.
Үндесіп зиялымен, жақсымен де,
Үлгі етіп Сәлимадай Еңбек Ерін.

Ұлтымның айта алғаным – Ұлы арманын,
Шынында биігіме шыға алғаным.
Таралған таралымым мың сан үйге,
Жаға алған үмітім сол – шырағданым .

Қашанда Құлагерше дүбірге алаң,
Шындыққа суарылған – тұғырнамам.
Табанды пікірі бар ойлы оқырман,
Бағаңды берер шағың бүгін маған.

Тоқсан жыл...
Уақыт үшін қас-қағым ба,
Аз да емес жоғалтқаным... тапқаным да
Шам-шырақ болып қалу ... бұл – бір бақыт,
Жарқырап Жосалының аспанында.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ
26 сәуір 2022 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930