Өмір



Өмір деген Алланың шапағаты,
Ата менен анамның махаббаты.
Мен ешкімге баяндап бере алмайтын.
Дүниенің деп білем ғаламаты.

Дей алмаймын өмірдің сырын ұқтым,
Сүйем бірақ мен оны құмығып тым.
Адассам да, құласам, сүрінсем де,
Жетегінде жүремін бір үміттің.

Құпиясын жасырған астарына,
Өмір менің айналдың дастаныма.
Аяғымның астында жатса да жер,
Қолым жетпес көк зеңгір аспаныңа.

Жылатасың кейде өмір жұбатасың,
Биіктерден құзға әкеп құлатасың.
Кейде шошып жек көріп біреулерді,
Біреуді жаның қалмай ұнатасың.

Оты ойнап өмірдің қаныңда мың,
Кеп тұрады кейде бір жалындағың.
Кейде, кейде шіркін-ай мына өмірдің,
Көтере алмай кетесің шағымдарын.

Тіресесің, біреумен күресесің,
Біреулерге жақсылық тілесесің.
Қала мейлі, қалама заңы солай,
Көшіне бұл өмірдің ілесесің.

Дегенімдей өмірді сүре алдым ба,
Нелер күтіп білмеймін тұр алдымда?
Өмірімнен өрнектеп өлең жаздым,
Терең ойға жанымды суардым да.

Өмір менің өткенім, жеткенім де,
Толтырғаным бар менің төккенім де.
Қанша жанмен кездесіп, қош айтыстым,
Өмірдің асау толқын өткелінде.

Досым еттім дүние тарландарын,
Құлдық ұрып күштіге жалданбадым.
Сұңқардайын шаттанып ғүмыр кештім,
Шашып жейтін азыққа алғандарын.

Көмектеспей көңіліме жалған дәрің,
Жақсылықтың көп күттім алдан бәрін.
Көтересің, көнбеске шамаң бар ма,
Қайғының Құдай басқа салғандарын.

Өміріме еншілеп алғандарым,
Ой мен қиял, сезімім, армандарым.
Мендегі өзің білер өлең мен жыр,
Артымда мұра болар қалған малым.

Тас қопарып, тауды да аудармадым,
Бірақ менің көп болды аңғарғаным.
Заманыңның зымиян залымдары,
Күйелеп жүр күйретіп заңғарларын.

Атағың Алты Алашқа болған мәлім,
Сыр-Ана! Сенсің – сүтім, алған нәрім.
Айқайлап ажал шіркін айтып келмес,
Болар бұл ақиретке қамданғаным.

Өмірдің дәм мен тұзын тауысқанда,
Қайтпас кеме кетерміз алыстарға.
Туған ел арманым жоқ соғып тұрсам,
Айналып қасыңдағы ағыстарға.

Талайлы ДОСЫМОВА,
Тараз қаласы
07 қыркүйек 2021 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930