» » » Келіннің құрсағында алтын жатыр...

Келіннің құрсағында алтын жатыр...

Біз қазақ деген көшпелі өмір салтын ұстанған халықпыз ғой.
Бір күні Қазыбек бидің атасы Шаншар би өз ауылымен басқа жаққа көшетін болыпты. Таң қылаң бере көшкен ел кейде көз байлана, кейде ақшам ауғанда, судың ұшырасуына байланысты, қонуға тоқтайды екен. Оты-суы келіскен жерге бірер күн еру қылса, тақырға тап болғанда көп бөгелмей, үдере көшеді. Сондай салқар көштің үстінде ауыл адамдары ел иесі Шаншар ақсақалға келіп, баласы Келдібектің аяғы ауыр келіншегі Тоқмейіл кейіндеп қалғанын, еру қылған жерге әлі жетпей жатқанын хабарлайды. Мұны естіген абыз қарт жігіттерге: «Келіннің аты болдырып қалған-ау шамасы, алдынан менің қара жорғамды жіберіңдер. Басқа жылқы оны көтере алмайды, өйткені келіннің ішінде алтын жатыр ғой», — депті. Сөйтіп, ауыл адамдары Тоқмейілдің алдынан Шаншар абыздың қара жорғасын алып шығады. Еру қылған жерге ол да таяп қалған екен, жорға барған соң: «Атасының атына келіні мінгені жарамас, обал болар. Мен ертоқымның үзеңгісінен ұстап-ақ барайын» – деп, ауылға жаяулап жеткен екен. Келісімен толғатып, тал түсте босанады. Сонда туған нәресте Қазыбек би көрінеді.

Осы бір қып-қысқа оқиғада қандай терең мән жатыр десеңізші. Бұл жерде Шаншар абыздың көрегендігі мен келіні Тоқмейілдің тектілігін байқамау мүмкін емес. Шаншар би келінінің әрбір әрекетіне, сөзіне, ісіне, оның арғы тек-тамырына қарап, дүниеге қандай бала әкелетінін бұрыннан-ақ біліп, күтіп жүрген ғой.
Ал келіні болса, атасының мінген атына мінуді жөнсіз санап, сол жердің өзінде өз тектілігін білдіріп отыр. Алып анадан туады деген осы шығар...
Еліміз осындай алтын құрсақ аналардан кенде болмасын, ағайын!

Асылбек Әуезханұлы
20 қаңтар 2021 ж. 1 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031