» » 60 автокөлік, 108 тонна өнім

60 автокөлік, 108 тонна өнім

Көктем келіп, күн жылынған шақта босаңсыған қара жерге дән сеуіп, ала жаздай соны көктеп-көгертіп өсіріп, содан шыққан өнімді таразылайтын уақыт – берекелі күз айы. Міне, осыдан кейін «Алтын дән» жәрмеңкесін асыға күтетіндер көп. Биылғы дәстүрлі шара жылдағыдан ерекше болды.

Сенбі күні аудандағы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ алдында «Алтын дән – 2020» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Әдетінше, азанғы сағат 8-де басталған мерекелік шараға ел-жұрт лезде жиналды. Көшенің екі бетіне тұрақтаған көліктердің қарасынан тіпті ине шаншар орын жоқ. Мұндағы өнімнің базар бағасынан 10-15 процентке төмен сатылып жатқанын естіген халық, сауданың сөресін тез-ақ қыздырды. Қыстың қамын ойлағандар картоп, жуаны қап-қабымен арбаға тиеп әкетуде. Жүк көлігіне жиналған мал азығын да бір орнында тұрғызбай саудалап жатыр. Керек десеңіз, қой-ешкі де сатылымда бар мұнда. Жалпы саудада халық тұтынатын өнім көп болды.
Жәрмеңкеге 60 автокөлікпен 108 тоннаға жуық өнім жеткізілді. Оның ішінде 27 тонна күріш, 17 тонна бақша өнімдері, 12 тонна картоп, жоңышқа 1400 дана, пішен 1200, сабан пресс 300 дана сатылымға шығарылса, сонымен қатар жем, бидай, арпа, күріш қалдығы тағы басқа мал азығы әкелінді. Одан бөлек, көкөніс, жеміс-жидек, тауық пен бөдененің жұмыртқасы, макарон, кондитерлік өнім, балық сатылымға қойылды. Бағасы да қол жетімді. Картоптың келісі – 100 теңге көлемінде болса, жуа – 70 теңге, қызылша мен сәбіз – 100 теңге, қырыққабат – 80 теңгеден сатылды. Қаз-қатар орналасқан сауда қатарындағы Ақтөбе және Дүр Оңғар ауылының Сыр маржаны, Тұрмағамбеттен шыққан макарон өнімдері, Қуаңдария мен Көмекбаевтың сазан, карась, жылан балығы, Қармақшы ауылының тоқты-серкесі, Иіркөл, Ақжар, Төребай би елді мекендерінің бақша дақылы көптің қажетіне жарады. Халықтың сұранысындағы сиыр мен қой етінің келісі – 1700-ден берілсе, жылқы еті – 1800 теңгеден сатылды. Жосалы кентінің көкөніс, жеміс-жидек пен алма, құрмасы – 300 теңге болса, қызанақ – 150 теңгеден болды.
Тағы бір сауданың қыза түскені жәрмеңкеге көптен бері сатылымға шығарылған Қармақшы ауылының тоқты-серкесі әп сәтте өтіп кетті.
– Біз мұнда ауылдан 15 уақ мал әкелдік. Оның 12-сі тоқты, 3-еуі серке. Бір жарым сағаттың ішінде келген халық барлығын сатып алып кетеді деп ойлаған жоқпыз. Тоқтыны – 24 мыңнан, серкені – 20 мыңнан саттық. Қазір 1 серке қалып тұр. Жәрмеңке аяғына дейін ол да өтіп кетер деген үміттеміз, – дейді ауыл тұрғыны Мақсат.
Қысқа қамның берік болуы – халық тұтынатын ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының төмендігімен тікелей байланысты. Күнделікті базар бағасының нарықтан арзан ұйымдастырылатын орны – ол жәрмеңке. Жәрмеңкеге ел арзан тауар алуға асығады. Аудан орталығында өткен айтулы жәрмеңке де сөзімізге дәлел болғандай.
Осы ретте аудан әкімі Мұса Қалдарбеков жәрмеңкенің бағасын бақылап, аралап көрді. Ауыл шаруашылық өнімдері бағасының тұрақтылығын тексерді. Шара соңына дейін бағаның өзгермеуін тиісті сала мамандарына тапсырды.








Ерсін СӘДУҰЛЫ


27 қазан 2020 ж. 522 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031