» » » Жыр сүйген елдің ұлы едім!

Жыр сүйген елдің ұлы едім!

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,
Ғани Мұратбаев атындағы
жастар сыйлығының иегері.


КӨК БАЙРАҚТЫҢ
ИЕСІ КӨКТҮРІКПІН

Мағынасын түсініп мәңгіліктің,
Атымды аламанның алды қылыппын.
Әлемге әйгіленіп қазақ атам,
Жолын жалғап келемін заңдылықтың.

Бағзы кезде басымнан не өтпеді,
Таңбаланып тұр тарих деректері.
Сақ, Ғұндардан басталған ата жолым,
Тұғырыма қондырды демеп мені.

Рас күнін кешкенмін өлместің де,
Еңбегімнің жемісін теріп өстім де.
Қазақ азат атанды ғажап ел боп,
Қазақ мазақ болмайды енді ешкімге.

Жасампазбын жарыссаң жеңілерсің,
Құшағым кең достар кеп төріме енсін.
Қаһарлансам қара жер қақ айрылар,
Тайсалмаған даңғойлар мені көрсін.

Бағындырып келемін белестерді,
Әлеуметтің әлеуеті тел өскелі.
«ЭКСПО»-ның қол созып биігіне,
Ертеңім ертегі боп елестеді.

Көк байрақтың иесі Көқтүрікпін,
Дербестігім діңгегім деп біліппін.
Мен қазақпын, танып ал Мәңгі елмін,
Тамырымда табы бар тектіліктің.
МҰСТАФА ШОҚАЙ
    МОНОЛОГЫ

Бір мезет ой жіберіп өткеніме,
Азаттық ақ таңыма жеткеніме.
Тұран дала перзенті сыр ақтарсын,
Қасиет дарымаған текке еліме.

Бір жұтым Отан суын ақтап ішкем,
Салтыма серт бергенмін сақтап іштен.
Сан бұлттың арасынан шыққан күндей,
Жаңғырттым қазақ атын мақтанышпен.

Жан болдым арым аппақ, жігерім от,
Түбім Түрік, исі Алаш жүрегім ед.
Басар жерім қалғанда бір елі боп,
Тектілік тұрды бойда тірегім боп.

Көп көрдім достықты да, қастықты да,
Деп келдім азаттықты ел аз күтті ма.
Сөйлемей сенген ерім сын сағатта,
Білмеймін көмейіне тас тықты ма?

Тұғырыңда еліме тең тұр дедім,
Ғұмырымда дінімді өлтірмедім.
Асқақ ұлттың асуын аңдығанның,
Құрығында кетпесін кем құрметің.

Егемендік айбарың енді айтарым,
Керегеңді тарылтпа кең байтағым.
Келешегім аманат саған ұрпақ,
Бақытыңа куә боп мен қайтамын.

Ұлтым үшін шеккен мұң шекпенімде,
Шындық шығып қалмасын шеткеріге.
Аман болып Алашым асқақтай бер,
Жұртым ұқсар көкке ұлыр Көкбөріге.



30 қаңтар 2019 ж. 1 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 047

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031