» » » Берекелі үйдің бибісі

Берекелі үйдің бибісі

Жаз бен күз мезгілі – жеміс-жидек пен көкөністің молайып, бағасы да айтарлықтай төмендейтін кезең. Бұл кезде көптеген пысық келіншектер қыстың қамын жасап, түрлі тосаптар мен салаттарға қоймасын толтырып алады. Бұл бізге де таныс жағдай. Бала күнімізден әжеміз бен анамыздың жанында жүріп банкі жабу деген науқанды көріп өстік. Соған өзіміз де көмекші болдық. Ал қыстың суығында сол жабылған тосап пен тәтті компоттардың, күтірлеп тұрған тұзды қияр мен көкөніс салаттарының дәмін татып, жазғы еңбектің нәсібін көреміз. Қысқа азық дайындау кезеңі әлі аяқталған жоқ. Алайда, тағамдардың дәрумендерін сақтап, дұрыс жасаудың әдіс-тәсілдерін білу маңызды. Осыған орай үй шаруасына да, жұмысқа да уақыт тауып жүрген аналарды үлгі етіп келеміз. Тірлігі үлгілі осындай жанның бірі – иіркөлдік Айгүл Бегімбаева.
Ол Дүр Оңғар ауылының тумасы. Бүгінде ІІІ Интернационал ауылында физика-информатика пәндерінен ұстаздық ететін ол үй тірлігіне де епті. Өзге ауылдағы мұғалімдік қызметі мен үй шаруасына, оған қоса қыстың қамымен түрлі салат пен компот дайындауға уақыт таба білген пысық жанмен телефон арқылы тілдестік.
– Қысқа дайындықты жаздың соңы мен күздің басында бастаймын. Бұл мезгілдерде жеміс-жидектің түр-түрін табасың ғой. Алайда ол қыста қиынға соғады, бағасы да шарықтап кетеді. Ал қыста дастарқаның толып тұрғанын қалайсың. Сондықтан жеміс-жидек, көкөністер өнім бергенде отбасымызбен қысқа дайындықты бастаймыз. Ауламызда өсетін алма, қара өрік секілді жемістерден 40 банка компот қайнаттым. Қыста дүкеннен сусынды көп алмаймыз. Әрі отбасымызбен табиғи өнім тұтынғанды құп көреміз. Ұл-қызым да оны сүйіп ішеді. Сонымен қоса түрлі көкөністерден 40-тан астам банкіге 3 түрлі етіп салат дайындадым. Дүкен сөресіндегі дайын өнімге қарағанда үй жағдайында дайындалған өнім тәттірек. Біршама уақыт пен күшті талап еткенімен, есесіне өзің табиғи, таза өнім жасап шығасың, – дейді Айгүл Сердалықызы.
Қысқа өнім дайындауда ескерер ең маңызды жайт, оның дұрыс сақталуында. Әрі құрамындағы заттардың қажетті мөлшермен қосылып, таза күйінде болуында. «Банка жабуда тазалықтың орны ерекше. Көкөністерді тиянақты тазалағаннан бөлек, оны дайындайтын ыдыстың, банка мен оның қақпағының да таза, әрі стерильді болғаны жөн. Бұл өнімнің ұзақ уақыт сақталуына, дәмінің өзгермеуіне тікелей әсер етеді. Егер тазалық нормалары дұрыс сақталмаса еткен еңбек еш, дайындалған өнім ысырап болады» дейді ол.
Жер-ананың тартуын кәдеге жаратып, қысқы азықты қамдауда алдына жан салмайтын Айгүл Сердалықызы көпке үлгі. Екі перзентке ардақты ана, отағасына сүйікті жар, шәкірттеріне ұлағатты ұстаз, әулетіне ибалы келін бола білген бесаспап жаннан үйренеріміз мол. Осы ретте үйдің берекесі бибісінің қолында екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгендейміз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
02 қараша 2021 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 047

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031