» » » Әжемнің жез құманы

Әжемнің жез құманы


Әнеугүні кент тұрғыны Бостан ағамызбен жол үстінде кезігіп қалдық. Дереу амандасып жағдай сұраса кеттік. Бір қызығы, ағаны көрсек сөйлеткің келіп тұрады. Қай жағынан дерсіз? Ол кісі тарихқа жақын, бұрынғы аталардың сөзін есіне жақсы сақтағаны соншалық, сұрай кетсеңіз ағылып тұрады-ау тегі. Бұл жолы да не айтар екен деген көңілмен «аға, не жаңалығыңыз бар?» дедім төтесінен. «Не жаңалық болсын бізде, тілшілерде болмаса» деп бір күлді. «Айтпақшы бұрыннан сақтап жүрген әжемнің жез құманы бар» деп әңгіменің шетін шығарды. Айттым ғой ағамның сақтап жүргені бар деп. Әңгіменің қызған шағын суытпауға тырысып, жәдігерді көруге асықтық.
Жалпы Бостан ағамыз көнеден қалған заттарды жинап қоюға жаны құмар. Олай дейтініміз аудан орталығындағы мұражайда тұрған соғыс кезіндегі оқ тес­кен каска осы ағамыздың сақтауымен келген. Енді міне жез құманның да сырын бізбен бөлісті.
– Дәулетбай әкеміз болыс болған. Ал әжем Аймыш сол кісінің келіні. Ол кезде әркім теңіне қарай дәулетті жерден қыз алысқан. Әжем Жартай Керейт Еңбек, Аққошқар жақтың белсендісі Өмірзақ деген кісінің қызы болған. Құдалығында әжем жақтан небір қымбат тұрмысқа пайдаланатын дүниелер келіпті. Бірақ Кеңес үкіметі орнаған тұста белсенділер байлардың заттарын кәмпескелейді ғой. Сол кәмпеске біздің үйді де айналып өтпепті. Майлыөзекте отырғаннан басталып, Кеуасар деген жерге көшіп келгенде тағы да кәмпескеленеді. Сонда үлкен атамның мөрін, қылышын алып кетеді. Үш рет үйдің дүниесі тәркіленгеннен кейін әжем алтын білезік, сақинасын орамалына орап, беліне байлап жүріпті. Одан жоғалып кетер деп үйдің бір бөлмесін қазып, көміп жасырады. Кейін әкем әскерден келгенде үйді бұзып, жаңа там салыпты. Әжем үй астында алтындарын жасырғанын айтқанда әкем алғызбапты. Міне сол артынан келген дүниесінен қалған осы жез құман, – дейді жәдігер иесі Бостан ағамыз.
Бүгінде жез құман ағамыздың қорында сақталған. «Алдағы уақытта бір бөлмені осындай құнды жәдігерлерге арнамақпын» дейді ол сөзінде. Мұнан бөлек мыс самаурын, шоқ өтегі тағы бар. Ал олардың сыры өз алдына бір әңгіме.
Ерсін ӘЛІБАЙ
04 қыркүйек 2021 ж. 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031