» » Бауырлар ажырамасын

Бауырлар ажырамасын

Өткен демалыста ауылға бардым. Ауыл деп отырғаным мынау тұрған көршілес Шиелі ауданы. Үлкендерге сәлем беретін әдетімізше, әкемнің қарындасының үйіне барғам. Астан дәм татып болған соң апам бір әңгіменің шетін шығарды. Өзім де көптен ойлап жүр едім. Апам да жарамның үстін тырнағандай болды.
2002 жыл болатын. Әкемнің қара шаңырақтағы інісі қайтыс болған соң көп ұзамай сол үйдегі жеңгей балаларды алып кетіп қалды. Күні бүгінге дейін көз алдымда. Барлық ағайын-туыс сол күні атамның үйіне жиылып еді. Бауырларымызды соңғы көруіміз бе деп жанарымыздан жас төгіле берді. Ағамның суреті бар үлкен картинаны қолына ұстаған күйі іні-сіңілілерім нағашылардың ауылына кетіп қалды...
Бұл үйдегі ата-әжеме ауыр соққы болды. Баласынан айырылғаны өз алдына, енді оның көзі болған немерелері де кетіп барады. Әрине, немеренің бәрі тәтті ғой. Десе де көз алдына асыр салып ойнап жүрген балаларын бір күнде кетіп қалады деп әсте ойлаған емес. Бір атадан тараған біз сол кезде бауырдан осылайша ажырап қалған едік. Бір ауданда тұрсақ та көріспедік, көрістірмеді..
Бүгін, міне есейдік. Ол кезде бала болсақ та "бауыр" дейтін ұғымды ұмытпадық. Қазір де солай. Жүрегің бұрып тұрады. Бұрынғыдай емес ара-тұра жолығып тұрамыз. Ағайын-тумалардың тойында не Құдайыжолыда ғана. Бірақ деген дүние бар. Бауыр боп бір-бірімізбен қатыспаймыз. Қанша әулеттің үлкендері айтса да болмады. Өзге отбасындағы тәрбиемен кетіп бара жатқандай. Кейде сол бауырыңмен жылдар бойы жиналған сағынышты шешіле әңгіме еткің келеді. Амал не?!
Рас, бірде бізбен жақсы араласқысы келеді, бірде бізден қашқақтайды. Иә, қанымыз – бір, тегіміз – бір. Бірақ тәрбиеміз – бөлек. Бәлки соның әсері болар.
Түйін.
Бұл мен кездестірген бір ғана жай. Дегенмен осы секілді тағдырлар қаншама? Бауырынан ажыраған, жылдар бойы оны іздеумен, бет-жүзін бір көрсем деген арманмен жүргендер де жетерлік емес пе?! Тағдыр дерсіз, жазмыш дерсіз. Бірақ жүрек түкпіріндегі бауырға деген сағыныш оты маздап жатқанын сезсеңіз ғой...
Ақнұр САҒЫНТАЙ

26 наурыз 2021 ж. 1 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031