» » » ХАБИБА ҚАЗАҚ КЕЛІНІ

ХАБИБА ҚАЗАҚ КЕЛІНІ

Хабиба Қанағатова – түрік ұлтының тумасы болса да қазақтың тілі мен дәстүрін кейбір қандастарымыздан артық білетін жан. Қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан ол бүгінде қазір қазақы салт-дәстүрлерді жақсы меңгерген. Жақында сол кісімен тілдесудің сәті түскен еді.


– Алғашқы таныстық қалай болды?
– Мен Өзбекстанда туғанмын. Балалық шағым да сонда өтті. Ата-анам ертеректе қайтыс болды. Өзімнен үлкен апам бар, соның қолында, тәрбиесінде болдым. Ол кісі мені бағып-қақты. 1992 жылы ІІІ Интернационал ауылында ағамның үйіне қыдырып келгенмін. Содан апамның 5 баласы болды. Оған көмектесу үшін балаға қараймын деп осында қалып қойдым. Кейіннен фермада даяршы болып істеп жүрдім. 1995 жылы Арекең ауылға келді. Ол кезде мен қазақ тілін енді үйреніп жүрген кез болатын. Түсінбеген сөздерді орысша айтатынмын. Содан әңгімеміз жарасып сол 1995 жылдың 15 қарашасында шаңырақ көтердік. Оған алғашқыда қарсы болды «қазақ жігіті қалай болар екен, олардың өзіндік салт-дәстүрі болады» дегендей. – Апа, маңдайға жазғанын көреміз. Бастысы – мұсылман. Жақсы көремін, бәріне көнемін, – дедім. Аллаға шүкір, одан бері 24 жыл қол ұстасып тату-тәтті өмір сүріп келеміз. «Адамның бір қызығы бала» деп жатамыз ғой. Қылықты немереміздің қызығын көріп отырған жайымыз бар.
– Қазақ келіні болу қалай?
– «Қазақ келіні» деген атқа кір келтіргім келмейді. Сондықтан қазақтың барлық салт-дәстүрін тез меңгеріп алдым. Ең бірінші кезекте қонақжайлық дәстүрін бәрінен биік қоямын. Себебі қандай ұлт болмасын құшағын кең жаятын дәстүр тек қазаққа тән. Мұнан соң үлкенді сыйлау, кішіпейілдік таныту келіннің басты міндеті ғой.
– Қазақы салт-дәстүрді қаншалықты ұстанасыз?
– Келін болып түскенімде ешқандай қиын болған жоқ. Енем білмейтінімнің бәрін үйретті. Ол – алтын кісі. Күні бүгінге дейін ақыл-кеңесін айтып отырады. Жасы 93-те. Өзім де тез іліп алып кететіндердің қатарынанмын. Отбасында бәрі де қазақи тәрбие. Күні бүгінге дейін сәлем салу, шашу дәстүрлерін ұстанып келеміз. Қонақ келгенде ұлттық тамағымыз етті дайындай қоямыз. Ал түріктер қонақ келгенде «түрік тұшпарасын» дайындап күтіп алады. Қазақ сияқты дастархан ешбір елде жоқ. Бірін айтып біріне кетіп жатырмыз. Бәрін уақыт өте келе үйрендік қой. Бір сөзбен айтқанда, қазақы ортаға сіңіп кеткен жанмын.
– Сөз соңында не айтасыз?
– Қазақ еліне рақмет, қаншама ұлтты өз мекенінде жат демей, бауырына басып жат­қа­нына ризашылығымды білдіремін.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
06 наурыз 2019 ж. 1 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031