» » » АҒАЙЫНДЫЛАР АЛҒАН АСУЛАР

АҒАЙЫНДЫЛАР АЛҒАН АСУЛАР

 
Бұл 1992-ші жылдар еді. Қа­зақ топырағына Өзбекстаннан орал­ған Дөңбаевтар отбасы туған жермен са­ғы­ныса қауышты. Үлкен әулет­тің анасы Зейнеп Әбдіраманова өмір­ден ерте озған жұбайы Ібіракім Дөңбаев­тың аманатын арқалап, өңірі­нен тара­­ған он баласын қазақ жеріне өзі бас­тап келді.
90-жылдардың басында елдегі ахуал­­дың қандай болғанын біздер жақ­сы білеміз. Ескі қоғамдық қатынас құлап, бағыты беймәлім жаңа қо­ғам­ның салтанат құра бастаған шағы. Қаракөз қандастарымызды айт­па­ған­ның өзінде жергілікті халық қалай қарай бағыт аларын білмей дағдарған кез бұл.
Туған жерге маңдай тіреген Дөңбаевтар жанұясы басқа түскен қиын­дықтарды елмен бірге көтере жүріп, алға ұмтылды. Өз алдарына ір­гелі мақсаттар қойып, соған қарай батыл қадамдар жасады. 
Әулеттің кенже баласы Бақтыбек те өзге бауырлары секілді ата-ана тәлімін бойға сіңіріп өскен азамат. Ол елге келгеннен қазіргі кезеңге дейін тынымсыз еңбекпен айналысып келе жатқан кәсіп иесі. Оның “Ақниет” сауда орталығы аудан тұрғындарын құрылыс заттарымен қамтамасыз ету­де. Ия, ол жай ғана кәсіп иесі емес, ауданға белгілі кәсіпкер.
Бақтыбек 90-жылдары Жосалы стансасында “Шайтан базар” деген атпен елге тараған шағын базарда азық-түлік, киім-кешек, кілем, тағы басқа да қажетті заттарды сатумен шұғыл­данады. Анасының ақыл-кеңе­сін тыңдаған өрімдей жас тұтыну тауар­ларын алғашында сонау Мәс­кеу, Бішкек қалаларынан тасып жүрді. Өз қатарластары сияқты кафе, мейрам­ханаларды жағалаған емес-ті. Сындарлы сәттерде анасы мен бауырларының қасынан табылды. Көп балалы отбасының балалары бір-бірін демеп, бірқатар кедергілерден жол таба білді.
-1992 жылы Өзбекстанның Кени­мех ауданынан көшіп кел­дік. Әке-шеше кіндігінен он ағайын­дымыз. Әкем Ібіракім та­рих пәнінің мұғалімі болған. Қазақ­станға оралу-әкемнің асыл арманы болатын. Анамыз әкемнің сол арманын орындау үшін ұл-қыз­дарын Қармақшы топырағына кө­шіріп әкелді. Анам уақытпен бірге жүріп-тұратын, алдағыны алыс­­тан болжайтын адам еді. Ар­найы маман­дығы­мыз болмаса да перзент­тері­не дұрыс жол көрсете білді. “Өзен жағалағанның өзегі талмайды” де­ген­дей, саудада біздерді біркісідей сынап көрді. Ақша ұстауға да еп керек. Ұқыптылықты, үнемділікті, қанағатшылдықты үйретті. Біздің отбасымыз үшін кәсіпкерліктің әліп­песі сонау 92-жылдары басталды деуіме негіз бар. Бүгінде онымыз да адал еңбегіміздің нәсібін көріп жатырмыз. Роза апам мен Серік жездемнің жеке дүкендері бар. Кеңес ағам мен Зухра жеңгемнің автокөлік жөндеу шеберханасы жұмыс жасап тұр. Ірі қара малын бағумен де айна­лыса­ды. Жұмабай ағам мен Алтынай жеңгемнің де мата сататын жеке дүкен­дері халыққа қызмет етуде. Алтынбек, Молдабек, Ялтабек аға­ларым құрылыс саласында еңбек етеді. Сәбира апам “Ақниет” сауда орталығының белсенді қызметкері. Бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтып отырған жайымыз бар,-дейді кәсіп­кер.
Іскер азаматқа тағы  бірер сұрақ қоюды жөн санадым.
-Құпия болмаса, кәсіпкерлікті бастау қиын болмады ма?
-Оның еш құпиясы жоқ. Өз ақ­шаммен бастадым. Мемлекеттен несие алған емеспін.
-Сауда жасаудың белгілі бір та­лап-шарттары бар ма?
-Кәсіппен айналысуда бір ғана тауар түрін сатумен шектеліп қалуға болмайды. Тауарды түрлендіріп отыру қажет деп ойлаймын. Бұл әри­­не, менің жеке пікірім. Мен алға­шында кілем, киім-кешек, азық-түлік саттым.Пайда түсе бастағасын кәсіпті кеңейтуді көздедік. Қорқыт ата көшесінен дүкен ашып, онда да әртүрлі заттар саттық. Ол жерден де жаман болмадық. Енді алдымызға мұнан да жоғары мақсаттар қойдық. Абай көшесінен екі қабатты тұрғын үй құрылысын және екі қабатты “Ақниет”сауда орталығын қоса сал­дық.  Сауда орталығында қазіргі кезең­де жиһаздың көптеген түрлері, ыдыс-аяқтар, тұрмыстық техникалар, құрылыс заттары, тағысын тағылар халыққа қолжетімді бағада ұсынылу­да. Халыққа тиімді болсын деп “Хоум Кредит” банкімен келісімге отырып, тұрғындардың несие рәсімдеуі ар­қылы  да өз қызметімізді көрсетуге жол аштық.
-Сіздің кәсіп ете бастағаныңызға 20 жылдан астам уақыт болыпты. Сауданы үйлестіру оңай шаруа емес. Жетістікке жетудің сыры неде?
-Шыдамдылық керек. Мен 8 жылдай уақыт пластик есік, терезе салумен айналыстым. Екі қабатты ғи­мараттар салу да қолымның ұста­лығынан болар. Сауда бірде болады, бірде тоқайрайды. Сол себептен де шыдам міндетті түрде керек. Қа­зір­гі жігіттерге қарасам, кәсіп ашсам, уыстап байлыққа кенелем деп ой­лайды. Бірден сауда бола қоймады деп, артынан кәсібін тастап кетіп жатады. Сауда мүлдем болмайтын күндер де болады. Оған бола тоныңды отқа тастаудың қажеті жоқ. Сауда бүгін болмаса, ертең болуы ғажап емес.
-Келешекте қандай жоспар­лары­ңыз бар?
-Қонақ үй, тойхана, монша құры­лыстарын салуды көздеп отыр­мыз. Құрылысқа жер де қарастырып қой­дық.
Толымды табыстарға жеке кә­сіп­кер Бақтыбек Дөң­баев жары Эльмира Бай­мырзақызымен бірге же­тіп ке­леді. Берекелі шаңырақтың кәсібі де берекелі. Еңбекпен өсіп-өнген жандардың отба­сында Ақниет, Жансая, Нұр­дәулет есімді ұл-қыздар тәр­бие­ленуде. Олар Сүлеймен Ес­қа­раев аталары атындағы №27 орта мек­тептің озат оқушылары.
“Еңбек түбі-береке” деп ұға­­тын отбасылық кәсіп ие­лері мұқ­таж жандарға қайы­рымдылық пен қамқорлықты да назардан тыс қал­дырмайды. Олар өздеріне әлеу­мет­тік жа­ғынан аз қамтамасыз етіл­ген отбасы балалары мен мүм­кіндігі шек­теулі жандарға қар­жылай көмек көр­сетіп тұруды азаматтық іс са­найды.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.
04 қаңтар 2018 ж. 1 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031