Құрылтай
» » » Бауыржан Момышұлы – 110 жаста

Бауыржан Момышұлы – 110 жаста

Даңқты батыр, ұлт мақтанышы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай аудандық білім бөлімі мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Халық батыры – Бауыржан Момышұлы 110 жаста" тақырыбында кеш өтті. Кештің мақсаты – батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, ерлігін жас буынға үлгі ету. Кеште жазушының шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қоржыны Бауыржан Момышұлының 30 томдығымен толығыпты.Кітапхана оқырмандары қаһарман жазушының қанатты сөздерін жатқа айтып, шығармаларына шолу жасады. Соғыс пен онда болған оқиғалар баян етілген әңгімелерінің мазмұнын айтты. Мұнан соң №105 мектеп оқушысы Зейнет Ахметованың монологы тыңдалды.Кеш соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниевалар қорытынды сөз сөйлеп, белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хат табыстады.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
11 наурыз 2021 ж. 1 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31