» » » Тіл – дәуірлейді, ұлт – жаңғырады

Тіл – дәуірлейді, ұлт – жаңғырады

Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деп ойлаймыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.
Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралды.
Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне негізделе жасалды.
Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.
«Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді. Алдағы уақытта қазақ тілін латын графикалы әліпбиге кезең-кезеңімен көшіру бағытында қарқынды жұмыс жүргізу керек», – деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру» жоспарына сәйкес жаңа әліпбиге көшу кезеңдері мынадай:
2021 жылы жаңа әліпби және оның емле ережелер жобасы бекітілгеннен кейін, жұртшылықты жаппай оқыту кезеңі басталады. Сондай-ақ, латын графикасы негізіндегі жаңа ортологиялық құралдар, нұсқаулықтар, анықтамалықтар шығатын болады. Яғни, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер, анықтағыштар және т.б. 2022-2023 жылдары жаңа әліпбимен оқу құралдары әзірленіп, 1-сыныпқа баратын оқушылар жаңа әліпбимен мектеп табалдырығын аттайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының паспорттары мен жеке куәліктері және басқа да құжаттар латын графикасы негізінде берілуі көзделіп отыр.
2025 жылы Мемлекеттік БАҚ-ты және баспа басылымдарын жаппай латын графикасына көшіру жұмыстары басталады.
Әліпбиде «бір дыбыс – бір таңба» принципі негізге алынған. Бұл ғылыми принцип жалпы түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің табиғатынан шыққан. Әліпби түзуде бұл принцип қатаң сақталуы керек. Сондықтан түркі тілдерінің әліпбилерінде осы принцип мейлінше сақталады. Егер ол принцип сақталмаса, онда жазу жүйесі мен дәстүріне айтарлықтай нұқсан келеді. Осы принцип сақтау үшін қазақ әліпбиін түзуде диграфтар, триграфтар қолданылмайды. Екі, үш немесе одан да көп таңбалар арқылы бір дыбысты беру негізінен роман, герман тілдеріне тән. Сондықтан ағылшын, француз т.б. тілдер үшін бір дыбысты бірнеше таңбамен беру бұл тілдер үшін табиғи.
Әліпби құрамы 31 әріптен тұрады, 3-і умлаут, 1-і бревис, 1-і макрон, 1-і седиль диакритикалық таңбасы арқылы берілген. Әрбір диакритикалық белгі тіліміздің дыбыстық ерекшелігіне қарай дауысты мен дауыссыз дыбыс таңбасына бөлек, өзара ажырап қолданылған, яғни әр диакритиканың өз қызметі бар. Мәселен: Ә, Ө, Ү жіңішке дауысты дыбыс таңбасына – умлаут, жуан дауысты Ұ дыбысына – макрон, ұяң Ғ дауыссызына – бревис, ызың Ш дауыссызына – седиль алынды.
Умлаут диакритикасы жіңішке дауыстыларды белгілейді. Жаңа әліпбиде Ә, Ө, Ү дауыстылары умлаут ( ̈ ) арқылы берілді: älıpbi, örkeniet, ükımet. Умлаут – түрік, әзірбайжан, түркімен, неміс, фин, швед, исланд, венгр және т.б. тілдердің әліпбилерінде қолданылады. Сондай-ақ, халықаралық фонетикалық әліпбидегі стандартқа сәйкес. Умлаут диакритикасының мәтіндегі танымдылығы жоғары. Бұл белгі UNICODE жүйесінде жиі қолданылады.
Жаңа әліпбиде Ғ дыбысын бревис диакритикасы арқылы Ğ таңбасымен беру ұсынылды: ğaryş, jaŋğyru, ğylym. Бревис – латын графикасы негізінде түркі халықтарының әліпбиінде қолданылатын әріп үстіндегі диакритикалық белгі. Бұл белгі негізінен қысқа дыбыстарды таңбалау үшін қолданылады. 1990 жылдардан бастап латын әліпбиіне көшкен әзербайжан және қырым-татар тілдерінде қолданыла бастады. Бревис диакритикасының мәтіндегі танымдылығы жоғары. Бұл белгі UNICODE жүйесінде жиі қолданылады.
Ұ дыбысын макрон диакритикасы арқылы Ū таңбасымен беру ұсынылады: ūrpaq, qūraq, mağlūmat.
Макрон – дыбыстың созылыңқы айтылуын білдіретін диакритикалық белгі. Ол литва, латыш, бретон тілдерінде дыбыстың созылыңқылығын білдіру үшін, сондай-ақ, араб, қытай, жапон сөздерін латын әліпбиінде транслитерациялау үшін де қолданылады.
Ш дыбысын седиль диакритикасы арқылы Ş таңбасымен беру ұсынылды: şaŋyraq, qaşyqtyq, alaş.
Седиль – әзербайжан, өзбек, түркімен, түрік, француз, албан, чуваш және т.б. тілдердің әліпбилерінде қолданылатын диакритикалық белгі. Бұл белгі негізінен тіл алды ызың, қатаң дауыссыз Ш дыбысын таңбалау үшін жиі қолданылады әрі халықаралық фонетикалық әліпбидегі стандарттық тұрпатына сәйкес келеді. Сондай-ақ, Ш дыбысын Ş таңбасымен беру «бір дыбыс – бір әріп» принципін сақтауға да толық негіз болды.
Бірақ C, W, X таңбалары цитаталық принциппен жазылатын шеттілдік сөздерде ғана қолданылады. Мысалы, windows, хerox, unicode. Кейбір таңбаларды әліпби құрамына енгізбей, тек шеттілдік сөздерде қолданылады деген ескертумен беру халықаралық тәжірибеде бар. Мысалы, итальян, швед, венгр т.б. тілдерде бар.
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының қызметі:
Біріншіден, қазақ халқының ұлттық сипатын даралаушы қызметін күшейтеді. Қазақ тілінің төл табиғи болмысын ерекшелеп, оның дыбыстық, морфологиялық, лексика-семантикалық құрылым-құрылысына және синтаксистік конструкциясына орыс тілінің тигізген ықпалын әлсіретіп төл тілдік табиғатын қайтаруға әсер етеді.
Екіншіден, мемлекеттік тілдің ұлтты ұйыстырушы қызметіне толыққанды тұғыр қызметін атқара алады. Қазақ қоғамында дәл қазіргі кезеңде екі түрлі дүние бейнесі орын алып отыр: біріншісі – қазақи тәрбие алған, қазақша ойлайтын әлеуметтік ортаның ментальдық ерекшелігі; екіншісі – орыс тілінде тәрбиеленеген орысша сөйлейтін қазақ тілін шала білетін әлеуметтік ортаның ментальдық ерекшелігі. Жаңа әліпби осы екі түрлі әлеуметтік ортаның арасындағы тілдік, ділдік, мәдени, рухани айырмашылықтардың жойылуына ықпал етіп, қазақтардың ұлт ретінде толыққанды ұйысуына, бірігуіне қызмет етеді.
Үшіншіден, мемлекеттік тілдің Қазақстан қоғамында ұлтаралық тіл қызметін атқаруына жол ашады. Демек қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі біртұтастандырушы қызметі жолға қойылады.
Төртіншіден, Қазақстан латын әліпбиіне көшу арқылы Түркі әлемінің интеграциясын жеделдетуге үлесін қосады.
Бесіншіден, жаһандану заманындағы ақпараттық-технологиялық кеңістіктің шет шекарасы жойылып біртұтастануы жағдайында латын графикасы ғылыми, мәдени, саяси, экономикалық, техногендік, көпшіліктік және т.б. сипаттағы сан алуан ақпараттар мен озық идеяларға қол жеткізуде код қызметін атқарады.


Райкүл ҚАРАТАЕВА

28 ақпан 2021 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031