» » Жаңғыру – жазудан басталады

Жаңғыру – жазудан басталады



«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің
ең қуаттысы тіл»

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Себебі әр ұлттың өзіндік ерекшелігі тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі кез келген ұлт үшін маңызды. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережесін түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген болатын. Олай болса ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып ұлттың дамуы жолында өз үлесімізді қосайық. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады. Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек: «Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақтылап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшуді сақтап келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлау, оның қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге жасалған мүмкіндік деп түсіну керек» - деген еді. Әліпби мен жазу – адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Адамның барлық іс-әрекеті жазумен байланысты. Жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасайды, хаттама, түрлі қатынас іс-қағаздары, интернет, компьютер, мобильді телефон, т.б. арқылы хабарласулар – бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданатыны байқалады. Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз. Жаңа ғасырда жаңа әліпбиімізді меңгеріп, жазуымызды түзесек, тіліміздің де болашағы жарқын болады деп білеміз.

Ермек НАРЕНОВ,
аудандық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы
24 желтоқсан 2020 ж. 832 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 177

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930