» » Дөңгелек үстел отырысы

Дөңгелек үстел отырысы

Бүгін, «Nur Otan» партиясында ауданның құрметті азаматтары, ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтті. Оны аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов жүргізіп, жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлету, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан түрлі мәселелер жөнінде сөз қозғады. Елбасы рухани жаңғыру мақаласында ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып бергені белгілі. Оның бірі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыру.
Кездесуде ардагерлер ата-бабамыз қалыптастырып кеткен салт-дәстүр мен мәдениетті қозғай отырып, бүгінгінің салттан шығу секілді болашақ ұрпақтың санасын улап жүрген басты проблемаларды тілге тиек етті.
19 қараша 2020 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 547
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 344

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031