Конституция - тұрақтылық кепілі
«Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасында біздің құндылықтарымыздың бірі Заңның үстемдігі. Заң адам және азаматтың құқығы мен бостандығын, адамның қадір-қасиетін қорғайды, мәртебесіне шыққан тегіне қарамастан заң алдында жұрттың бәрі тең. Конституция мен заңнаманы бұлжытпай сақтау, әділетті қоғамның баршаға тең мүмкіндік жасауының негізі. Біздің басты жетістігіміз-ел Тәуелсіздігі. Қазіргі таңда мемлекеттің орнықты дамуы үшін қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтау басты мақсат. Халқымыздың болашағын Елбасының мемлекеттік бағыты айқындайды. Осындай мақсатпен «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Конституция - тұрақтылық кепілі" атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Дөңгелек үстел отырысына «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Ә.Сағатов аудандық ішкі саясат бөлімінің статист маманы С.Әбдісәлімов партия белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы ауданедық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, еліміздің азаматтарының ынтымақта, заңды сыйлайтын болашаққа ұмтылғыш, дәстүр мен мәдениетті құрметтейтін келер күнге сеніммен қарайтын Қазақстанның табысқа жету мен өркендеу жолында аянбай еңбек ететіндіктерін білдірді. Шара барысында белсенді партия мүшелеріне «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бухановтың Алғыс хаты табыс етілді.