» » Жаңғыру – жазудан басталады

Жаңғыру – жазудан басталады

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Себебі әр ұлттың өзіндік ерекшелігі тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі кез келген ұлт үшін маңызды. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережесін түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деген болатын. Олай болса ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып ұлттың дамуы жолында өз үлесімізді қосайық. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады. Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек: «Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақтылап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшуді сақтап келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлау, оның қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге жасалған мүмкіндік деп түсіну керек» деген еді. Әліпби мен жазу – адамзат тарихындағы құнды дүниелердің бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыратын байлығымыз. Адамның барлық іс-әрекеті жазумен байланысты. Жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасайды, хаттама, түрлі қатынас іс-қағаздары, интернет, компьютер, мобильді телефон, тағы басқалар арқылы хабарласу – бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиін барлық салада қолданатыны байқалады. Латын графикасы арқылы таңбаланған қазақ әліпбиі мен жазуы қазақ елін жаңа биіктерге бастайтынына кәміл сенеміз. Жаңа ғасырда жаңа әліпбиімізді меңгеріп, жазуымызды түзесек, тіліміздің де болашағы жарқын болмақ.

Күлшара БӨГЕНБАЙҚЫЗЫ,
аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры



27 маусым 2020 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031