Латын әліпбиі: Болашаққа даңғыл жол
Латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің әлемдік ғылым мен білімде айшықты орын алуға ықпал етіп, дүниежүзі қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін қадамның бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл¬дан бастап Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Дайындық жұмысын қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті. Ұлттық арналарда арна атауы, валютамызда 100 теңгелік монета, дүкен атаулары мен жарнама тақтайшасында латын қаріпі қолданылып жүр. Халық жаңалықты жатсынбай қабылдап қолданысқа енгізуде.

– Мен Елбасының латынға көшу туралы бағдарламасын толық қолдаймын. Себебі әлемнің озық елдері игілігін көріп, көпшілік қолданып отыр. Еліміз күннен-күнге қуатты мемлекетке айналуда. Сондықтан да болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болып, ұлттық құндылығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғассын десек, латын әліпбиіне көшуіміз қажет – дейді жас тәрбиеші Айгерім Каналбекова.
Латынға көшу туралы пікір сантүрлі болғанымен, басым бөлігі елбасы бағдарламаның өміршеңдігіне сенімді. Латын әліпбиі жасампаз ұрпақтың болашағына даңғыл жол ашатынына күмәніміз жоқ.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА