» » «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы»

«Латын әліпбиіне көшу - заман талабы»

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Сырдария» бастауыш партия ұйымында «Латын әліпбиіне көшу - заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді «Сырдария» БПҰ төрайымы, С.Есқараев атындағы №27 орта мектеп директоры Жарасова Ақмарал Дәуренбекқызы ашып, «Латын әліпбиіне көшу - ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бір…егей қадамның бірі. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жүзеге асыра отырып, дәріптеу бізге тиесілі» деп, осы жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттілігін атап өтті. Жарыссөз барысында мектеп мұғалімдері де өз пікірлерін білдірді. №27 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Майданова Несібелі Жолшыбайқызы латын әліпбиінің маңыздылығына тоқтала отырып: «Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз және қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді», - деп атап көрсетті. Мектеп мұғалімдері латын әліпбиіне көшудің тиімділігін өздері түсіне отырып, ата – аналар мен оқушыларға да дұрыс жеткізе білулері қажеттілігі де айтылды. Себебі, келешекте бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш екендігі сөзсіз. Мектеп мұғалімдері бірауыздан латын әліпбиіне көшуді тиімді деп санайтындықтарын атап айтты.
06 қыркүйек 2018 ж. 1 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031