Кітапханашы – білім шырақшысы
Тұрмағамбет ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітапханашы - білім шырақшысы" атты ардагер кітапханашы Үбжарова Кенішкүлдің 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған бейнежазбаны назарларыңызға ұсынамыз!
Кітап - адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының оқу арқылы жетілуінің, кемелденуінің арқасында қол жеткен дамылсыз даму үрдісінің жемісі, өткен тарихы мен өмірлік тағылым-танымының алтын сандығы. Кітаптың маңызы, баға жетпес құндылығы қазіргі технологияның дамыған кезіңде де жойылмақ емес. Осы Ұлы Рухани қазынамыз Кітаптың көп жылдар шырақшысы болып, кітапханашы деген мамандықтың қыр-сырын насихаттаудан жалықпайтын ерекше жан-ол Үбжарова Кенішкүл анамыз.
Тұрмағамбет ауылының тұрғыны, ардагер кітапханашы, ардақты ана Кенішкүл Үбжаова анамыз - 70 жасқа толып отыр. Кенішкүл анамыз атақты сыр сүлейі Үбісұлтан Аяповтың ұрпағы, 1951 жылы 2 қаңтарда Тұрмағамбет ауылында дүниеге келіп, 29 мектепте білім алған.
1969 жылы Жамбыл қаласынан мәдени-ағарту училищесін бітіріп, осы мектеп кітапханасында кітапханашы.
1976-1982 жылдары ән, еңбек пәндерінен сабақ беріп, ұстаздық қызметте атқарды.
1983-2006 жылдар аралығында кітапханашы.
2006 жылы зейнет демалысына шықты.
Бірнеше рет ауылдық, аудандық семинарлар өткізіп, республикалық "Мәдениет және тұрмыс", қазіргі "Парасат" журналында сыр сүлейлері Т.Ізтілеуов, Ү.Аяпов т.б. мақалар мен естеліктері жарияланып отырды. Үнемі газет, журнал материалдарын жинап, "Шежіре жинаушы апай" атанды. Бірнеше рет мақтау қағаздарымен марапатталған. Қазіргі таңда 6 баладан 17 немере сүйіп отырған бақытты әже. Осы мерейтойымен Кенішкүл анамызды құттықтап, зор денсаулық, отбасына аманшылық, бақыт пен береке тілейміз.