» » Кітап көрмесі өтті

Кітап көрмесі өтті

ЖОСАЛЫ, 6 қараша - qarmaqshy-tany.kz «Әдебиет – халық қазынасы» атты жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдығына ұйымдастырылған кітап көрмесі өтті.


КСРО-ның Халық жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың 95 жасқа толуына орай Т.Көмекбаев ауылдық кітапханасында «Әдебиет – халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты жастарға жазушының болмыс-бітімі мен туған жерге деген парызын өтеу жолындағы еңбегін, көркем сөздің қадірін ұғындыру. Оқырмандарға кітапханашы Г.Қыпшақбаева жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат берді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушыға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл ең алдымен киелі Сыр елінің ерекше қуанышы, ерен мақтанышы болмақ. «Ол қазақ әдебиетінде «Алыптар шоғыры» атанған ұлы қаламгерлердің көзін көрді, олармен иық түйістіріп қатар жүрді. Ол – қазақты қан қақсатқан аштықтың куәсі, елі мен жері үшін жанын қиған алаш арыстарының тұяғы. Ол қан майданда оқ пен оттың ішінен аман келіп, қазағына классикалық туындылар сыйлады. Ол – Әбдіжәміл Нұрпейісов.
06 қараша 2019 ж. 1 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031