» » » Лайықты марапат

Лайықты марапат

«Тарих – өткен дәуірдің қаңқасы болса, әдебиет-жаны». Өткенге жан бітіретін жазушының тәңір берген таланты мен қарымды қаламы. Осы тұрғыда Сыр елінің мақтанышы Әбдіжәміл Нұрпейісов ағамыздың қазақ әдебиетінде ғана емес, әлем әдебиетінде шоқтығы биік тұлға екендігі бәріміз үшін үлкен мақтаныш. «Қан мен тер» трилогиясын оқымаған қазақ азаматы жоқ шығар. Арал балықшыларының қатал тағдыры, орыс шовонизмінің қазақ даласындағы көрінісі, әділетсіздікке қарсы күрес, дала мұңы мен тұрмысы керемет шынайылығымен жанды баурап, оқырман жадында тасқа қашағандай қалып қоюы – жазушы құдіреті. Абыздың қаламынан туындаған басқа да шығармалары қазақ әдебиеті ғана емес, әлем әдебиетінің өлшеусіз табысы. Әбдіжәміл ағамыздың еңбегі әділ бағаланып, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» мәртебелі атағы және «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі берілді. Жазушының лайықты марапаты бүкіл оқырман үшін үлкен қуаныш.
«Қос тойың қабат болсын» деген, 95 жасқа толған заңғар жазушыға кеше ғана халықаралық шығармалар байқауында «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» атты номинация бойынша «Алтын қалам» әдеби сыйлығы берілді. Елін сүйген қайраткерге бұл да қазақ халқының көрсеткен ерекше құрметі. Аман болыңыз, асыл аға!

Дастан МЫРЗАБЕКҰЛЫ
04 қараша 2019 ж. 1 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031